06 қаңтар 2021 16:15

Халық банк Homebank қосымшасындағы ақауды түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Халық банк мобильді қосымшасы істен шықты. Осыған байланысты Homebank қосымшасы уақытша істемей қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Халық банк мобильді қосымшасы істен шықты. Осыған байланысты Homebank қосымшасы уақытша істемей қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қолданушылардың айтуынша, Homebank қосымшасы бір тәуліктен аса уақыт жұмыс істемей тұр. 


Homebank.kz сайтының скриншоты

Halyk Bank Homebank қосымшасына қатысты жағдайға түсініктеме берді.

"Құрметті клиенттер! Қазіргі уақытта Homebank қосымшасының жұмысында уақытша ақау бар екенін хабарлаймыз. Банк қосымшаны мүмкіндігінше тез қалпына келтіру үшін бүкіл күш-жігерін салып жатыр. Halyk Bank-тің басқа барлық банктік қызметі толық жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Жеке және заңды тұлғалардың қаражаттары қауіпсіз екені атап өтілген. Кез келген қаржылық операциялар клиенттерге тұрақты режимде банк филиалдарында және төлем терминалдары немесе банк банкоматтары арқылы қол жетімді, оның ішінде Halyk Bank-тің барлық банктік қызметі:

  • қолма-қол ақша салу немесе алу;
  • аударымдар жасау және түрлі қызметтердің ақысын төлеу;
  • Onlinebank бизнес қосымшасы стандартты режимде жұмыс істейді;
  • Банктің POS-терминалы арқылы операциялар.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, түсіністік пен шыдамдылық танытқандарыңыз үшін рақмет. Кез келген қосымша ақпаратты 7111 байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады", - деді банк қызметкерлері.

Еске салайық, 5 қаңтарда қазақстандықтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) сайтына кіре алмаған болатын. БЖЗҚ баспасөз қызметі сайт техникалық ақауларға байланысты жұмыс істемегенін мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети