12 қыркүйек 2022 08:26

Halyk Bank әрбір қазақстандыққа ай сайын 117 700 теңгеден төлейді - фейк

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram-да Halyk Bank әрбір қазақстандыққа ай сайын 117 700 теңгеден төлеуге тиіс деген ақпарат тарап жатыр. Бұл - фейк, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake басылымы. 


Instagram-да Halyk Bank әрбір қазақстандыққа ай сайын 117 700 теңгеден төлеуге тиіс деген ақпарат тарап жатыр. Бұл - фейк, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake басылымы. 

Instagram-да пайда болған бұл "жарнама" қоғамда бірден резонанс туғызды.

Stopfake.kz бұл алаяқтардың ісі екенін ескертіп, банктің тұтынушыларды қолдау қызметінің мәлімдемесін жариялады:

"Бұл - алаяқтар! Сақтық танытып, берілген сілтеме бойынша өтпеулеріңізді сұраймыз. Банк өнімдері, қызметтері және өткізетін акциялары бойынша барлық өзекті ақпарат банк сайтында жарияланады.
Сондай-ақ жарнаманың ресми ресурста емес, The Ticket West Michigan деп аталатын парақшада таралғанына назар аудару керек. Бұл АҚШ-тың Мичиган штатындағы Гранд Рапидс қаласында хабар тарататын коммерциялық спорттық радиостанцияның атауы. Олардың ресми сайтында қазақстандықтарға банктік төлемдер жасалатыны туралы жарнамаға тапсырыс бергенін растайтын ешқандай ақпарат жоқ", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жарнамада көрсетілген сілтемемен өткен кезде пайдаланушылар іс жүзінде жоқ сайтқа түседі, демек, ол жойылған немесе бұғатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети