08 желтоқсан 2021 23:00

Хьюстон қаласында 23-ші Дүниежүзілік мұнай конгресі шеңберінде қазақстандық министрлік сессиясы болып өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

2021 жылдың 7 желтоқсанында Хьюстон қаласында ҚР Энергетика министрлігімен KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев басқаратын Дүниежүзілік мұнай кеңесі Ұлттық комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстандық министрлік сессиясы болып өтті. Ұйымдаратынан ҚР Энергетика бірінші вице-министрі МұратЖүребеков, KAZENERGY қауымдастығының төрағасы ТимурҚұлыбаев, "Теңізшевройл" ЖШС (ТШО) басдиректоры Кевин Лайон, сондай-ақ "ҚазТрансОйл" компаниясының бас директоры Димаш Досанов қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сессияны ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков ашып, "Қазақстанның мұнай газ саласының стратегиясымен даму болашағы туралы" әңгімеледі. Ол өз сөзінде "Қазақстан 2030 жылға таман күніне 2 млн баррель немесе жылына 100 млн тоннадан астам мұнай өндіру деңгейіне жетуді жоспарлап отыр... сондай-ақ жылдық газ өндіру көлемі шамамен 85 млрд м3 және электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздері шамамен 15 пайызға жетеді" деп атап өтті.

Сондай-ақ, Мұрат Жүребеков Қазақстан Үкіметі заңнамалық негізде маңызды реформалар жүргізе отырып, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін барлық жағдайды белсенді қолдайтынын және жүзеге асыратынын айтты.

"Теңізшевройл" ЖШС-нің (ТШО) бас директоры Кевин Лайон өз сөзінде кәсіпорын болашағымен ондағы инновациялар туралы баяндады: "ТШО цифрлық трансформация саласында ауқымды жетістіктерге қолжеткізді.  Мен қазірдің өзінде іске қосылған цифрлық шешімдердің мүмкіндіктеріне таңғалудамын. Цифрландыру кәсіпорын бизнесінің дамуына ықпал ететін негізгі фактор болып қала беретіні анық. 2020 жыл біз үшін, цифрландыруды операциялық модельге толығымен енгізген бетбұрыс кезеңі болды. Цифрлық мүмкіндіктер тиімділік нәтижелеріне сілтеме жасау арқылы келісілді, бұл нақты басымдықтарды анықтауға және өнімділіктегі бәсекелестік арқылы анағұрлым оңды нәтижелерге қолжеткізуге кепілдік береді".

Жамболат Сәрсенов, KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары: "Қазақстан ұлттық комитеті тұрақты негізде Министрлер сессияларын ДМК конгрестерінде өткізеді. Біз ДМК-ға мүше елдермен коммуникацияларға, өзекті мәселелерді талқылауға үлкен көңіл бөлеміз және Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласының дамуы туралы хабарлап отырамыз", - деді.

Сессия министрліктер басшыларының, халықаралық мұнай-газ ұйымдары мен Дүниежүзілік мұнай кеңесі ұлттық комитеттері қатысушыларының және сарапшылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Теңізшевройл ұсынды
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети