i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл, "Мейірімділік" қоғамдық қорының басшысы Аружан Саин баланы буллингтен қалай құтқаруға болатыны туралы айтып береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл, "Мейірімділік" қоғамдық қорының басшысы Аружан Саин баланы буллингтен қалай құтқаруға болатыны туралы айтып береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Тікелей эфирлер аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.
Бүгін, 14 маусым сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында спикер "Мектептегі буллинг. Балаға қалай көмектесу керек?" атты тақырыпта әңгіме өрбітеді.
Аружан Саин 2006 жылы "Мейірімділік" ерікті қоғамының" негізін қалаған. Қор балалар үйі, балаларға, сондай-ақ Қазақстанда көмектесу мүмкін емес науқас балаларға қол ұшын созады.
2009 жылы "Мүгедектерге көмектескені үшін" номинациясы бойынша "Алтын жүрек" премиясының үміткері, 2012 жылы "Халықтың сүйіктісі" ұлттық премиясы, 2015 жылы "Жылдың үздік әлеуметтік белсендісі" номинациясының лауреаты атанған. 2019 жылдан бері Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жыл 9 желтоқсандағы жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталған.
Жүргізуші - журналист, тележүргізуші Светлана Коковинец.
Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады.
Сондай-ақ видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасында көруге болады.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.
i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!