18 ақпан 2014 16:19

Интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марапатталған ардагерлер Марапатталған ардагерлер

Өскеменде интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетілді. Облыстық Ішкі істер департаментінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай интернационалист-жауынгерлерді марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне. Салтанатты жиында облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы Рашид Жақыпов Ауған соғысына қатысқан ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтап, медальдар мен алғыс хаттарды табыс етті. Нақтырақ айтсақ, еліміздің Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен бұл күні Шығыс Қазақстанның ішкі істер органдарының 8 ардагері мен үш қызметкері марапатталды. Марапатталғандардың арасында 1987-1989 жылдары Ауғанстанның Шинденд ауданында әскери борышын өтеген Ерлан Сейілханов пен Кабулда қызмет еткен Ермек Дүйсембеков бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети