10 қыркүйек 2020 13:34

"Интернет ұстау үшін шатырға шыққан". Мусин Атырау облысындағы жағдайға пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Интернетке байланысты шатырға көтерілген оқушы жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Интернетке байланысты шатырға көтерілген оқушы жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілерде нақты бір елді мекенде Интернет жоқ, оқу мүмкін емес, адамдар сол үшін үйдің төбесіне шығады деген және басқа да ақпарат тарады. Ия, түсінеміз, біз бүкіл республика бойынша Интернетпен мәселені бір күнде шеше алмаймыз. Бірақ, мысалы, бұл жағдай Ескен ауылында (Атырау облысы) болған, онда тұрғындар саны өте аз", - деді Мусин ОКҚ-нің онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, бұл оқушы жақын маңдағы интернатта білім алуы керек еді, онда қашықтан оқу жоқ.

"Онда күндізгі білім беру бар. Қалған барлық бала интернатта күндіз оқиды. Бірнеше адам күндізгі оқудан бас тартты. Мұндай жағдайда, әрине, біз ең жақын теміржол станциясынан Интернет тартамыз", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети