06 наурыз 2021 10:46

Инвесторлар барахолка сатушыларының наразылығына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Базар орнында жиһаз фабрикасын салғысы келетін инвесторлар барахолка сатушыларының талабына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana TV-ға сілтеме жасап.


Базар орнында жиһаз фабрикасын салғысы келетін инвесторлар барахолка сатушыларының талабына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana TV-ға сілтеме жасап.

Компания өкілінің сөзінше, базарда антисанитария, дені дұрыс дәретхана да жоқ, сатушылар қыста қалай жылынатына да түсініксіз. Нұрбек Бекбау өрт қауіпсіздігі сақталмағанын айтты. Ал әкімдік, олардың пікірінше, фабрика құрылысы бойынша жобаны мақұлдамай жүр.

"Қазір қыстың кезі, әлі суық. Контейнерлерді қоя салған. Базардың ішінде контейнерлерде ешқандай жағдай жасалмаған. Саудагерлерге плита, әр түрлі бұйымдарды қосып жылынуға тура келеді. Қазақстанда осындай электр жабдықтарының кесірінен, базарда жағдайдың жасалмауы кесірінен жабайы базарлардың өртеніп, адамдар қайтыс болған қанша оқиға тіркелді. Біз сонда сабақ алмаймыз ба?!", - дейді "ALMATY CPS" ЖШС компаниясының өкілі Нұрбек Бекбау.

Сондай-ақ, компания осыншалық қауіпті жағдайға жол берген Алматының шенеуніктеріне наразы. Телеарна тілшісінің айтуынша, 2 күннен бері үлкен дауға айналған мәселеге мегаполис әкімдігі тиісті шара қарастырмай отырғаны әлі күнге түсініксіз.

"ALMATY CPS" өкілдері 3 миллиард инвестиция құюға да дайын екен. Оған қоса 490 адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Сонымен қатар, базардағы саудагерлерді өз компанияларына жұмысқа алатынын айтты. Жаңа жұмысқа бейімдеу үшін қайта оқытуға да әзір екендерін жеткізді. Ал базардағылар бұл бастаманы қолдауға қарсы емес.

Еске салайық, жақында Алматыда "Рахат" базарының кәсіпкерлері наразылық акциясына шыққан болатын. Кәсіпкерлер жерді зираттың жақын орналасуына байланысты жалға беруді ұзартудан бас тартқан биліктің шешіміне наразы. Алматы барахолкасының сатушылары базардың орнына мұнда жиһаз фабрикасы салынатынын айтып отыр. Әкімдік жиһаз фабрикасын салу жоспарланғанын растады, бірақ қазіргі уақытта жоба эскизі әлі келісілмеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети