14 қараша 2016 12:27

Исекешев қаладағы кептелістерге қатысты айтылған сынға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әсет Исекешев. © Тұрар Қазанғапов Әсет Исекешев. © Тұрар Қазанғапов

Исекешев қаладағы кептелістерге қатысты айтылған сынға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана қаласының әкімі әкімдіктегілердің қолайсыз ауа райына қалай дайындалғаны жайлы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.


Исекешев қаладағы кептелістерге қатысты айтылған сынға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана қаласының әкімі әкімдіктегілердің қолайсыз ауа райына қалай дайындалғаны жайлы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Қайырлы күн! Міне, қар да түсті. Біз мұндай ауа райына дайындалдық, барлық техниканы тексеріп, маршруттарды қайта қарап шықтық. Демалыс күндері 21 миллиметрден аса қар жауды. Осыған байланысты 369 машина жұмыс істеп, 26,200 шаршы метр қар тазартылды. Ауа райының бірден өзгеруі жол қозғалысына да әсер етеді. Бірінші кезекте жол-көлік оқиғаларының саны артты. Бүгін таңертеңнен бері қалада 26 жол-көлік оқиғасы болса, бір тәуліктің ішінде 100-ден аса жол апаты болды. Жол апаттарына жылдамдықты сақтамау, көліктер арасындағы арақашықтықтың сақталмауы мен көліктердің қауіпті әрекеттері себеп болған. Айта кету керек, Мәскеуде де көп мөлшерде қар жауып, салдарынан 900 жол-көлік оқиғасы болды", - деді Астана әкімі.

Сондай-ақ, Әсет Исекешев Астанадағы коммуналдық қызметтегілердің жұмысының әлі де күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтінін айтты.

"Таңғы және кешкі уақытта мен орынбасармен және аудан әкімдерімен бірге қаланы аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылмаймыз. Яғни, осы кезде қалада қар тазаланып, қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмыс істеп, қала тұрғынлары жылумен, жарықпен және сумен қамтамасыз етілуі қажет. Қолайсыз ауа райына байланысты тұрғындарды түсіністекпен қарауға және жүргізушілерден жылдамдық пен арақашықтықты сақтай отырып, абай болуларын сұраймыз", - деді Астана әкімі қала тұрғындарына.

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астана әкімі Әсет Исекешевті жолдардағы қар мен кептелістер үшін сөккен болатын. Себебі, бүгін, 14 қарашада елордада жауған қардан қалада кептелістер пайда болған еді. Өткен тәулікте жауған қардың салдарынан коммуналдық қызметтегілердің де жұмысы көбейген. Елорда тұрғындары қолайсыз ауа райына байланысты жол кептелісінде тұрған қоғамдық көліктерді күтуге мәжбүр болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети