Исекешев Сағынтаевтың сынынан кейін: Бұл мен әкім болғалы бірінші қыс

15 Қараша 2016, 09:14
0
Исекешев Сағынтаевтың сынынан кейін: Бұл мен әкім болғалы бірінші қыс - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Дүйсенбі Астана тұрғындарына қиындықтар туғызды. Қалалықтардың көпшілігі қалың түскен қардан жолда пайда болған кептелістерден жұмысына кешігіп қалды. Үкімет отысыры премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың Астана әкімі Әсет Исекешевке ескертуі жасауымен басталды. Кейін әкім Facebook желісінде жағдайды баяндап, күн сайын елорда жолдарына рейдке шығатынын түсіндірді.

Әкімнің кезекті тексерісіне Tengrinews.kz тілшілері де қосылды.

Әкім қар тазалаудың көпдеңгейлі кешен жүйесі жайлы айтты, сондай-ақ, өз жұмыс кестесі мен үкімет басшысының сынын қалай қабылдағаны жайында пікір білдірді.

"Бізде жедел штаб бар. "Астана тазалық" жолдарға, жаяу жүргінші өткеліне және әлеуметтік нысандарға жауап береді; кварталішкі жолдарға - мердігер ұйымдар жауап береді, аула іштеріне пәтер иелері кооперативтері және әрбір дүкеннің алдына кәсіпорынның өзі алдыңғы бес метр жерді тазалауға міндеттеледі. (...) Шілдеден бері осымен айналысып, дайындалып келеміз. Қар екі тәулік бойы жауды, топтың басты міндеті қоғамдық көлікке келтірілген кедергілерді алып тастау", - деді ол. 

Алайда сын бәрібір де айтылды, жұмысқа кешігіп қалған әлеуметтік желі қолданушылары да қала басшысының жұмысқа уақытында келген-келмегенін сұрады. 

"Шынымды айтсам, жұмысқа уақытында жеттім, себебі кешкі уақытта таңертең бір сағат ерте шығу керек деп ескерттім. 98 жылы мұнда жетекші маман болып істегенімде, үлгеру үшін таңғы 7-де шығатынмын. Қар жауып, ауа райы құбылса, қозғалыс қиын болады. Достарым кеш шығып, жұмысына кешікті", - деді әкім.

Исекешевтің айтуынша, жедел штаб үш тәулік бойы жұмыс істеген. Рейд кезінде Астана әкімі елорданың барлық өңірін аралайды. Айтуынша, мұндай "серуен" қала басшысының күн сайынғы маршруты.

"Айталық, үш фактор бар, ұқыпсыздау азаматтар болады, олар көлігін жолға қойып кетеді; екіншіден, кейбір дүкендер алдындағы бес метр жерді тазаламайды, бұл бизнестің жауапкершілігі, ал аула іштерінде кейбір ПИК тазаламайды. (...) Бастысы - аурухана, мектеп және аялдамаға барар жолды тазалау", - дейді Исекешев. Ол азаматтар үшін ең бастысы жылу мен қауіпсіздік екенін атап өтті. 

"Өздеріңіз білесіздер, бұл қалыпты жағдай", - дейді әкім премьердің сыны жайлы пікірін айта отырып. - Жұмыс істеп жатырмыз. Бұған сабырмен, қалыпты қараймын. Бірақ мұнда субъектив жағдай емес. Біз жақсы дайындалдық, бұл мен келгелі бірінші қыс. Біз бір ай бұрын техникаларды қарағанбыз. Бастысы қоғамдық көліктің тоқтап қалмауы.

"Қараңыздаршы, қандай техника, құдды бір құймақ пісіргендей", - дейді әкім күліп.

Айта кетейік, әкім Исекешев астаналықтарды демалыс күндерінен бастап Мәскеуде ауа райының бұзылғанын ескертті. Әсет Исекешев Facebook желісінде өзі отырып, әрдайым қалалықтардың сұрағына жауап беруге тырысатынын атап өтті. 

© Тұрар Қазанғапов


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай