Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Израильде құтқарылған қазақстандықтар министрге алғыс айтты

30 Шілде 2014, 16:03
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Израильде құтқарылған қазақстандық туристер еліміздің Сыртқы істер министріне үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрдің блогында 50 жастағы Александр Байдуктың алғысы жарияланды.

Маусым айында Байдук Түркияда демалып жүріп, Израильге бір күнге саяхат жасаған ондаған қазақстандық туристің арасында болған. Кейін әскери әрекеттердің салдарынан туристер тобының Түркияға қайта алмай қалғаны хабарланды.

"Бұл туралы көп жазылды, бірақ Израильдегі біздің консулымыз көрсеткен көмек туралы ештеңе айтылмады. Фамилиясын, әкесінің атын білмеймін. Оның аты - Темірлан, көмекшісінің есімі - Бауыржан. Мен Сіз арқылы оларға зор, адами алғыс айтқым келеді, бізге жасаған барлық ісі үшін көп рақмет", - деп жазды Александр Байдук министрдің атына. Ол болған оқиғаны қысқаша баяндап берген.

"Туристермен бірге біздің дипломаттар ғана болды, ресейлік, белорус, украин елшілері болған жоқ. Оның үстіне, бұл елдердің азаматтарымен ешкім сөйлеспеді де. Ал біздің жігіттер түнде бізді Палестинадан алып шықты, өзімізбен бірге, ресейліктерді, украиндерді ерттік, бәрін алып шығар ма едік, машинада орын болмады. Біздің елшілер біз ұшып шыққанша бізбен бірге болды", - дейді хат авторы. Ол министрден консулдық қызмет өкілдерін осы еңбегі үшін марапаттауды сұрады.

"Сізге жылы сөздеріңіз және қызметкерлеріміздің жұмысын жоғары бағалағаныңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі консулының аты-жөні - Темірлан Сайлауұлы, сонымен бірге, сіздерге елшілік хатшысы Бауыржан Хасенов пен кезекші комендант Асқар Рахметоллаев көмектесті. Біз міндетті түрде Сіздің алғысыңызды жеткіземіз және олардың қызметін ерекше атап өтеміз", - деді Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай