27 тамыз 2021 | 08:29

Жағдай толықтай бақылауға алынды - Бердібек Сапарбаев

Facebok / Бердібек Сапарбаев

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев Қазіргі таңда Байзақ ауданындағы жағдай толықтай бақылауға алынғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев Қазіргі таңда Байзақ ауданындағы жағдай толықтай бақылауға алынғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әкім Facebook желісінде жазды.

"Қазіргі таңда Байзақ ауданындағы жағдай толықтай бақылауға алынды. Өңірдің төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылды. Апат болған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам жатын орын дайындалған. Қосымша 1000-ға жуық орын дайындау мүмкіндігі қарастырылған", - делінген әкімнің жазбасында.

Реклама
Реклама

Жарылыс зардаптарын жою және эвакуацияланған тұрғындарды керек-жарақпен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылады.

"Менің басшылығыммен құрылған жедел штаб барлық қажетті шараларды атқарып жатыр. Зардап шеккендер Тараз қалалық және аудандық ауруханаларға жеткізіліп, медициналық көмектер көрсетіліп жатыр. ҚР Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлерімен бірлесіп, тиісті шешімдер қабылдануда. Баршаңызды тек қана ресми мәліметтерге сенуге, жалған ақпараттарды таратпауға шақырамын", - деді әкім.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 60-қа жеткені хабарланған болатын.

Тараз тұрғындарының айтуынша, қалада жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ол Тараз тұрғындарын сабырға шақырды.

Жарылыстардан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қауіпсіздік үшін жолдарға шектеу қойылғанын хабарлаған болатын. 

Жамбыл облысындағы жарылыстар: жедел желі нөмірлері жарияланды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная