26 наурыз 2018 14:04

Жағдайды пайдаланып, үйлерін өз қолымен қирату болмасын - Даниал Ахметов ШҚО-дағы жағдай туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© altaynews.kz © altaynews.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аймақтағы су тасқынын 30 жылда болмаған жағдай екенін айтты. Бұл туралы ол ОКҚ-да өткен брифинг барысында баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аймақтағы су тасқынын 30 жылда болмаған жағдай екенін айтты. Бұл туралы ол ОКҚ-да өткен брифинг барысында баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгін Прогресс ауылында болдым, тұрғындармен кездестім, барлық арықты су алған. Себебі күрделі. 30 жылдан бері мұндай су болмаған. Таудан су ағады, ал үйлер төмен орналасқан. Жер тоң болып жатыр, сондықтан су жерге сіңбей ағып келіп жатыр. Белоусовка, Предгорный ауылдары мен Глубокоеның өзінде де осындай жағдай", - дейді әкім. 

Оның айтуынша, облыста бірнеше күннен бері жаңбыр тоқтамай тұр, түскен жауын-шашын көлемі үш айлық нормасы.

"481 тұрғын үйді су басты, 386 үй әлі суда тұр. Глубококе ауданында 175, 42 үй Шемонайхада және Өскеменде 15. 14 үй опырылды, тағы 19 үй бүлініп жатыр - Аягөз ауданына қатысты. Өткен сейсенбіде 13 үй сатып алғанбыз, қазір онда әкім жұмыс істеп жатыр. Тағы да үйлер сатып алынады, жақын арада шешіледі. Қайырымдылық көмек те келіп жатыр. Зардап шеккен азаматтар үшін мектептерде уақытша тұратын орын ұйымдастырылды. Екі күннің ішінде жағдайды бағалап, жұмыс істейміз. Кімде-кімнің үйі қирап, мүлдем іске жарамсыз болса, қожайыны келіссе, бірден Белоусовкадан үй сатып алып береміз. Баспана мәселесін шешу, тез арада үйлерді сатып алу үшін ауданға 60 миллион теңге бөлінді. Барлық шығындарыңыз есептелініп, орны өтелетін болады. Бірақ, жағдайды пайдаланып, үйлерін өз қолымен қирату деген болмасын", - деп түсіндірді әкім. 

Даниал Ахметов ауа-райы мүмкіндік берісімен, аймақта шешімді шаралар жүргізілетінін мәлімдеді. 

Сол Прогрессте 30 жыл бұрын болғанына қарамастан, келесі жылы қайталанбас үшін өзге шаралар жүргізу керек болады. Басқа жерлерге де қатысты. Мұндай қашан болғанын ешкімнің есінде жоқ. Бірақ шара қолданбаймыз дегенді білдірмейді, не істеу керектігін білеміз", - дейді Ахметов. 

Еске салайық, 23 наурызда Прогресс аулының 25 тұрғыны мен қорадағы мал қауіпсіз жерге көшірілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети