Жақсыбеков өз туған күнінде Мәсімовпен бірге жүгірді

26 Шілде 2017, 11:06
0
Жақсыбеков өз туған күнінде Мәсімовпен бірге жүгірді - © Facebook/rakhimbaev
© Facebook/rakhimbaev

Қазақстандық кәсіпкер Айдын Рахымбаев елордадағы саябақтардың бірінде жүгіріп жүрген кезде ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қалай кездестіріп қалғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәсіпкердің Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған суреттерден Қазақстан Даму банкі басқармасының төрағасы Болат Жәмішев пен  Әділбек Жақсыбековтің ұлы Дәурен Жақсыбекті көруге болады.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгін Әділбек Жақсыбеков 63 жасқа толып отыр.

Әділбек Жақсыбеков Астана қаласының әкімі, Индустрия және сауда министрі, Ресейдегі Қазақстан елшісі, қорғаныс министрі және мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарды. 

Ал 2016 жылдың 21 маусымынан бастап Әділбек Жақсыбеков Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы болып қызмет етеді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбековтің өкілеттігін 2022 жылға дейін ұзартқан болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай