Жалақысыз, бірақ беделді: Халық кеңесі қалай жұмыс істейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалақысыз, бірақ беделді: Халық кеңесі қалай жұмыс істейді? Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Халық кеңесінің құрамы қалай жасақталады және оның мүшелері қандай шарттармен жұмыс істейді? Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Халық кеңесінің құрамы қалай жасақталады және оның мүшелері қандай шарттармен жұмыс істейді? Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саировтың айтуынша, Халық кеңесі қоғам мен мемлекет арасындағы тікелей диалог алаңы ретінде құрылады.

"Бұл – консультативтік-кеңесші орган. Бұл - қоғам мен мемлекет арасында тікелей диалог орнатуға мүмкіндік беретін механизм", - деп атап өтті ол.

Депутат жаңа органдағы жұмыс тек қоғамдық негізде болатынын, яғни жалақы төленбейтінін айтты.

"Халық кеңесінің мүшелері қоғамдық негізде жұмыс істейді, ешкім жалақы алмайды", - деді депутат.

Халық кеңесінің құрамы қалай жасақталады

Саировтың мәліметінше, Халық кеңесінің құрамына 126 адам кіреді. Құрам паритеттік негізде жасақталады:

  • 42 ұлттық-мәдени орталықтардың өкілі;
  • 42 қоғамдық бірлестіктердің өкілі;
  • 42 өңірлердің өкілі.

Сонымен қатар кандидатураларды түрлі қоғамдық топтар ұсынады.

"Үміткерлерді қоғам белсенділері, яғни еліміздің халқы ұсынады, бірақ түпкілікті тізімді Қазақстан Президенті бекітеді", - деп түсіндірді ол.

Құрамға кімдер кіре алады?

Саировтан нақты кімдер үміткер бола алатыны және іріктеу критерийлері қандай екені сұралды. Депутат қоғамда беделі бар тұлғалар туралы сөз болып отырғанын айтты.

"Қазақстанның ең беделді, қоғамдық-саяси салмағы бар азаматтары үміткер бола алады", - деді ол.

Мәжіліс мүшесі құрамда түрлі сала өкілдері болуы мүмкін екенін де айта кетті.

Шешімдер қалай қабылданады?

Сондай-ақ Саировтан Халық кеңесінің ұсыныстары басқа деңгейлерде қолдау таппаған жағдайда не болатыны сұралды. Депутаттың айтуынша, барлық бастамалар мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарастырылады.

"Кез келген шешім халықтың және мемлекетіміздің мүддесі үшін қабылдануы тиіс. Халық кеңесі ұсынатын кез келген заң жобасы мұқият қаралатын болады", - деп түйіндеді ол.

Еске сала кетейік, Қазақстанда билік пен қоғам арасындағы диалогты қамтамасыз ететін орган - Халық кеңесі құрылады. Оның қандай өкілеттіктері болады, құрамына кімдер кіреді және жұмыс тәртібі қалай болмақ - мұның бәрі бүгін депутаттар бірінші оқылымда қараған Конституциялық заңда жазылған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 474.04   555.21   6.47 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер