20 қазан 2023 15:23

Жамаубаевқа "7-20-25" ипотеклық бағдарламасының болашағы туралы сұрақ қойылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Freepik Freepik

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы бойынша қаржыландыруды ұлғайту туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы бойынша қаржыландыруды ұлғайту туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер Ұлттық банк "7-20-25" ипотекалық бағдарламасын қаржыландыруды жалғастыра ма деген сұрақ қойды.

"Мендегі ақпарат бойынша, қазір Ұлттық банк жалғастыру туралы ойлап жатыр. Егер жалғасатын болса, бұл ипотекалық несиелеуге қосымша ынталандыру болады", - деді Жамаубаев.

Қаржы министрлігінің басшысы тұрғын үй нарығында бағаның өсуіне жол бермеу үшін бұл мәселеге "өте мұқият" қарайтынын айтты. БАҚ өкілдері тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыруды ұлғайту жоспарда бар ма деп сұрады, себебі "100 миллиард теңге жеткіліксіз".

"Оны қарастырамыз. Көп, аз - бұл даулы мәселе. Ең бастысы, ипотекалық несиелеудің қалыпты нарықтық тетіктері жұмыс істейді. Жеңілдікті бағдарламамен барлығын қанағаттандыру мүмкін емес", - деді Жамаубаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети