17 маусым 2020 12:44

Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмас Мәдиев. Фото:zhambyl.gov.kz Алмас Мәдиев. Фото:zhambyl.gov.kz

Қазақстан Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Алмас Мәдиев тағайындалды. Ол кәсіпкерлік пен индустриялық даму, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, еңбекті қорғау және табиғи ресурстар салаларына жетекшілік етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Алмас Мәдиев тағайындалды. Ол кәсіпкерлік пен индустриялық даму, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, еңбекті қорғау және табиғи ресурстар салаларына жетекшілік етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін бұл қызметті күні кеше Шу ауданының әкімі болып тағайындалған Нұржан Календеров атқарған болатын.

Алмас Өскенбайұлы Мәдиев 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын "Инженер-экономист", 2000 жылы Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Жамбыл технологиялық институтының оқытушысы болып бастаған. Әр жылдары Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі, Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекші маманы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы және әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының бастығы қызметтерін атқарды.

2009-2014 жылдары - "Оңтүстік "ӘКК "ҰК" АҚ қаржы директоры, басқарушы директоры, Басқарма төрағасының орынбасары, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ қаржы департаментінің директоры, "Павлодар "ӘКК" ҰК"АҚ Басқарма төрағасы.

2014-2017 жылдары-Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы.

2017 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы ақпанға дейін - Алматы қаласы әкімінің орынбасары, 2019 жылғы ақпаннан бастап шілдеге дейін - "Алматы" ӘКК АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

2020 жылғы ақпаннан қазіргі уақытқа дейін - Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып келді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети