Жамбыл облысы ЖЭК қуаты бойынша республикада көш басында

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жамбыл облысында 2028 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) саны 25 нысанға жетіп, қуаты 2,5 ГВт құрайтын болады деп жоспарлануда.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында 2028 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) саны 25 нысанға жетіп, қуаты 2,5 ГВт құрайтын болады деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда қуаты 551,3 МВт құрайтын 22 ЖЭК жұмыс істейді. Оның ішінде, 6 су электр станциясы (24,4 МВт), 10 жел электр станциясы (275,6 МВт), 6 күн электр станциясы (251,2 МВт) бар.

Өткен жылы 4 348,6 млн. кВт/сағ. электр энергиясы өндірілсе, биыл 4 560,8 млн.кВт/сағ. электр энергиясын өндіру жоспарланған.

Өңірде ЖЭК дамытуға мүмкіндік мол. Күн, жел және су электр станциясын салуға барлық жағдай қарастырылған. Облыс әкімдігі осы бағыттағы инвестициялық жобаларға басымдық беріп отыр.

Жалпы, алдағы жылдары ЖЭК бойынша үш ірі жобаны іске асыру көзделуде. Атап айтқанда, Мойынқұм ауданында "Total Eren" компаниясы тарапынан қуаты 1 ГВт құрайтын жел электр станциясы, Masdar (БАӘ) компаниясымен Сарысу және Талас аудандарында қуаты 500 МВт жел электр станциясы және China Power International Holding Limited компаниясымен қуаты 500 МВт жел электр станциясы салынады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, Жамбыл облысы ЖЭК қуатымен республикада көш бастаса, нысандар саны бойынша екінші орында тұр.

Tengrinews
Жамбыл облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer