08 шілде 2020 09:37

Жамбыл облысында ауруханада қайтыс болған науқас туралы видеоның авторы сотта жауап береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: almaty.tv Фото: almaty.tv

Жамбыл облысында аудандық аурухананың бас дәрігері пневмония жұқтырып, ем алып жатқан науқастың заң алдында жауап беруін талап етіп отыр. Оған себеп провизорлық стационардың емделушісі бірнеше күн бұрын "көрші палатада адам өлді, тәулік бойы қараған маман жоқ" деп даулы видео жариялаған, - деп хабарлайды Almaty.tv.


Жамбыл облысында аудандық аурухананың бас дәрігері пневмония жұқтырып, ем алып жатқан науқастың заң алдында жауап беруін талап етіп отыр. Оған себеп провизорлық стационардың емделушісі бірнеше күн бұрын "көрші палатада адам өлді, тәулік бойы қараған маман жоқ" деп даулы видео жариялаған, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған қоса, науқастарға жағдайдың мүлдем жасалмағанын айтқан екен. Бірақ, телеарна мәліметінше, бұл ақпаратты емхана басшылығы жоққа шығарып отыр. 

Даулы оқиға Желіде тараған видеодан +басталған. Өкпенің қабынуы диагнозымен Байзақ аудандық ауруханасында жатқан науқастар жағдайдың мүлдем жасалмағанын айтады. Ең сұмдығы көрші палатадағы 44 жастағы науқас тәулік бұрын көз жұмса да, қараусыз қалғанын жеткізген дейді.

Аудандық ауруханаға барған тілшілердің айтуынша, ондағы дәрігерлер емді дұрыс дәрежеде жүргізіп жатыр.

Ал даулы видеодағы адам өлімін мұндағылар растап отыр. Пневмониядан қайтыс болған науқасты апарар мәйітхана ауданда жоқ көрінеді. Ал туыстары жерлеу жерін дайындап алғанша, мәйіттің ауруханада бола тұруын сұраған дейді ауруханадағылар.

"Аудандық орталық ауруханада мәйітхананың жоқтығынан, біз өзіміз санэпидрежим бойынша өңдеу жасап, орап туыстарына береміз. Сонда ол 3-4 сағат ішінде, мәйіттерді алып кетіп жатыр", – деді Байзақ аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Рыскелді Сапарбеков.

Телеарна мәліметінше, енді бас дәрігер атышулы видео авторын сотқа беріп, заң жүзінде жауапқа тартпақ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети