Жамбыл облысында бюджеттен 700 миллион теңге заңсыз жұмсалмақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында бюджеттен 700 миллион теңге заңсыз жұмсалмақ болған Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Жамбыл облысының прокуратурасы 700 миллион теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуын алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.


Жамбыл облысының прокуратурасы 700 миллион теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуын алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Қордай ауданының прокуратурасы бюджет заңнамасы саласында жүргізген талдау нәтижесі бойынша аудан әкімдігі қызметінде заңбұзушылықтарды анықтады.

"Жергілікті атқарушы орган растайтын қажетті құжаттарсыз және негіздемесіз бюджеттің шығыс бөлігіне 700 миллион теңгеден астам қаражатты енгізген.

Мысалы, әкімдік шығыс бағанасына су құбыры люктерін орнатуға 67 миллион теңге қаражат қарастырған. Алайда шығыстың осы бағытының экономикалық негіздемесі айқындалмаған", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде прокурорлық қадағалау актісімен 700 миллион теңгеден астам бюджет қаражатының жұмсалуы алдын алынды.

Заңбұзушылықтарға жол бергені үшін 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 495.73  course up  589.53  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети