07 желтоқсан 2017 11:28

Жамбыл облысында көкпардан ашық турнир өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"1 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні" және "16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні" мерекелеріне орай 2017 жылдың 30 қарашасы мен 1 желтоқсаны күндері Жамбыл облысы Меркі ауданы Тәтті аулында жергілікті әкімдіктің ұйымдастыруымен көкпар ұлттық ойыны өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"1 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні" және "16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні" мерекелеріне орай 2017 жылдың 30 қарашасы мен 1 желтоқсаны күндері Жамбыл облысы Меркі ауданы Тәтті аулында жергілікті әкімдіктің ұйымдастыруымен көкпар ұлттық ойыны өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық спортты дамытып, ата-бабамыздың мұра еткен баға жетпес қазынасын дәріптей отырып, салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ үздік спортшылар мен сәйгүлік баптайтын атбегілерді анықтап, облыс құрамасын жасақтау мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шараның жастардың күші мен ептілігін арттырып, батылдық пен ерлік қасиеттерін дамыта түсері анық", - дейді ұйымдастырушылар.

Облыстың түпкір-түпкірінен тамашалау үшін жұртшылық көп жиналған шараға көкпардан Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының бас бапкері Қуанышбек Құрамаев пен әлемдік деңгейдегі турнирлердің жеңімпаздары қатысты. Мерекелік іс-шараны алғаш болып сөз сөйлеп ашқан Меркі ауданы әкімінің орынбасары Марат Жарылқасынұлы атаулы мерекемен аудан тұрғындарын және барша қазақстандықтарды құттықтай отырып, Тәтті ауылдық округінің әкіміне, ауыл ақсақалдарына және тұрғындарына осындай игі шара үшін Меркі ауданы әкімі Мейірхан Азатұлының атынан зор алғысын білдірді.

Ұлттық ойынның жанашыры Тәтті ауылдық округінің әкімі Алметов Талғат Аманқұлұлының басшылық етуімен, Жамбыл облысы әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Облыстық ұлттық спорт түрлері федерациясы, сондай-ақ Тәтті аулының Көкпар федерациясының президенті Төлебаев Амантай Сейітжанұлының қолдауымен өткен ашық турнирге облыстың әр ауданынан келген әрқайсысы 12 ойыншыдан құралған 18 команда қатысты.
Алғаш рет ұйымдастырылып отырған дүбірлі додада кіл мықтылар арасынан ең үздіктерді анықтау оңайға соққан жоқ. Нәтижесінде ақтық сынға сүрінбей өтіп, 18 команданың ішінде кәсібиліктерімен оза шапқан "Тәтті аулы" командасы айқын есеппен 1-орынды және ауыспалы кубокты жеңіп алды. 2-орынды "Меркі округі" командасы иеленсе, "Байзақ-Датқа" командасы 3-орын тұғырынан көрінді. Сонымен қатар, Абылайхан Нышанбек, Әділет Мамыт, Ақылбек Қымызбаев және Асқар Есеналиевтар "Үздік шабандоздар" атанып, арнайы жүлделерге ие болды.

Барлық жеңімпаз кубоктар, медальдер мен дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Атап өтерлік жайт, ойынның жеңімпазы атанған "Тәтті аулы" командасының капитаны Асхат Алметов ауыспалы кубокты келесі жылы Шу ауданында өткізу үшін "Сауытбек-Шу" командасының капитаны Қуаныш Тойшыбаевқа табыстады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети