01 қараша 2019 16:33

Жамбыл облысында оқушы қыз жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметінен Сурет Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметінен

Жамбыл облысында 17 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті. Таяуда ол Тараз қаласындағы өз үйінен шығып, қайтар оралмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жамбыл облыстық полиция департаменті із-түссіз жоғалып кеткен 11-сынып оқушысы Асылжан Доқтырбайды (2002 жылы 29 қазанда дүниеге келген) іздестіріп жатыр. 31 қазанда 12:00-де қыз үйінен шығып, қазіргі уақытқа дейін қайтып оралмаған. Бойы 150-155 сантиметр, дене пішімі орта, шашы қоңыр түсті ұзын, қой көзді. Ерекше белгілері: төменгі ернінде қалы бар", - делінген таратылған бағыттамада. 

Қыз бала ақ жейде киген, ақ кроссовка, қара шалбар киген және қара сөмкесі болған. 

"Қыз туралы қандайда бір мәліметті білетін адамдардан мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: 8 (7262) 34-36-35, 99-75-05 немесе 102", - делінген хабарламада. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети