14 қазан 2023 17:55

Жамбыл облысында тоғыз айлық нәресте соска жұтып қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

Жамбыл облысында тоғыз айлық нәресте соска жұтып қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.


Жамбыл облысында тоғыз айлық нәресте соска жұтып қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Соска нәрестенің ішегінде бірнеше күн бойы болған. Дәрігерлер бастапқыда сосканы байқамаған. 9 айлық бала жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Бала есінен танып, басын соғып алған. Артынша тоқтаусыз құсқан.

Педиатрлар науқасты қарап, бас миының жарақаты диагнозын қойды. Алайда баланың жағдайы жақсармай, кейін хирургтар кеңеске шақырылды.

Нәрестенің іш қуысы мүшелерін рентген және УДЗ түсіріліп, баланың ішегінде белгісіз заттың тіреліп тұрғаны белгілі болды..

Дәрігерлер баланың ойнап жүріп соска жұтып қойғанын анықтады. Науқасқа шұғыл түрде іш қуысына операция жасалды. Хирургиялық араласуды хирургия бөлімінің меңгерушісі Қанат Дүйсебаев, хирург Дәурен Бағыбаев және анестезиолог Еркін Тұраров жасады.

"Соска "қосалқы" ішектің ішінде орналасқан және асқазан-ішек жолдарының қалыпты жұмысына кедергі келтірді. Мамандар нысанды алып тастап, ішек жұмысын қалпына келтірді. Операциядан кейінгі бірінші күні сәби жансақтау бөлімінде болса, қазір хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр", - дейді ДСБ өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети