29 тамыз 2021 17:44

Жамбыл облысындағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.


Дәрігерлер Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Денесінің 85 пайызын күйік шалған екі сарбаздың жағдайы ауыр екені хабарланды. Сондай-ақ, зардап шеккен төрт адам Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Барлығы 28 науқас ем алып жатыр. 26 тамыздан бері ауруханаға түрлі жарақат алған 93 адам келген.

"Қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі", - деді қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов журналистерге.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat__kz

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. 

Жарылыстан жалпы саны 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған. Ал бүгін Президент қаза тапқандарды марапаттаған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети