08 маусым 2022 07:48

Жамбыл облысының тұрғындарын жойқын жарылыс даусы шошытты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

24.kz 24.kz

Өткен жылдың тамыз айында жарылыс болған Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің аумағынан оқ-дәрілерді жою жұмыстары қайта жанданды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.


Өткен жылдың тамыз айында жарылыс болған Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің аумағынан оқ-дәрілерді жою жұмыстары қайта жанданды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, мамандар Қайнар ауылынан 12 шақырым жердегі елсіз таулы аймақта жарылыс жасап жатыр. Дүйсенбіден жұмаға дейін саперлар 720 минаны жояды. Жарылыс жұмыстары 25 қарашаға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Осыған дейін 500 келіге жуық оқ-дәрі жойылған. Жарылыс болатын жерді облыс әкімдігі берген. Мамандар апта сайын жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жарылыстардан қорықпауға және түсіністікпен қарауға шақырады.

Жарылыс жұмыстары кезінде барлық қажетті қауіпсіздік шаралары сақталады. 

Еске салайық, 2021 жыл 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің маңынан өрт шықты. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Кейін Президент қаза тапқандарды марапаттады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.14   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети