11 қыркүйек 2020 14:26

Жамбылда этносаралық келісімді нығайту мақсатында пилоттық жоба бастау алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбылда этносаралық келісімді нығайту мақсатында "Бейбітшілік пен келісім" пилоттық жобаcы бастау алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбылда этносаралық келісімді нығайту мақсатында "Бейбітшілік пен келісім" пилоттық жобаcы бастау алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоба аясында жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдардан, сарапшылардан, қоғамдық ұйым өкілдерінен құрылған 5 жұмыс тобы аймақтағы этностар жинақы тұратын аудандарда ұлтаралық келісім мәселелерін анықтап, нақты шаралар қабылдауды көздейді.

Бұл жүйелі жұмыстар Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Шу аудандарында бір айға жуық мерзімде іске асырылмақ.

Мәселен, "Ақпараттық-түсіндіру" тобының мүшелері Шу ауданында болып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіп, этномәдени бірлестіктермен кездесу, түрлі сипаттағы мәдени, спорттық, ақпараттық-түсіндіру іс-шаралар өткізуді көздесе, "Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу" бағытының жұмыс тобы Қордай ауданындағы Қордай, Әлжан ана, Сортөбе, Масаншы, Ауқатты, Қарасу және Сарыбұлақ ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, тұрмыстық-жағдайын зерделеп, жастар, мұғалімдер және дәрігерлермен семинарлар өткізіп келеді.

Ал "Ауылда бизнесті дамыту" бағытына Жамбыл ауданы тұрғындары қызығушылық танытып, ұйымдастырылған шараларға белсенді қатысуда. Жұмысшы топ аудан орталығы Аса ауылынан бастау алып, аймақтағы Қаракемер, Өрнек, Ерназар, Қарасу, Қөлқайнар, және т.б. ауылдық округтерінде жалпы 17 іс-шара ұйымдастырды. Іс-шаларадың көпшілігі ауыл тұрғындарымен кездесу, тұрмыстық-жағдайын зерделеу мақсатында проблемалық кәсіпорындарды аралау және тұрғындарды бизнес бастамаларын жинақтап, гранттық немесе несиелік қолдауды қарастыруда. Қабылдау барысында аудан бойынша 600-ге жуық адам қамтылса, оның ішінде 113 адам тиісті көмектермен қамтамасыз етілді. Ал, 12 азаматтың мәселесі бақылауға алынды.

Байзақ ауданында деструктивті діни бағыттағы азаматтарды оңалту бойынша жұмысты күшейтіп, "Дін мәселесі" бойынша топ күмәнді діни ағымдағы 40 азаматпен "Дінаралық келісім мен отансүйгіштік" тақырыптарында жеке кездесулер өткізді. "Жусан" гуманитарлық операциясы аясында оралған 3 жасөспіріммен жүздесіп, психологиялық және теологиялық портреттері қалыптастырылды. Отбасының әлеуметтік және тұрмыстық жағдайы зерделеніп, арнайы жоспар жасалды. Сарыкемер және Бурыл ауылдарында аудан тұрғындарымен де діни сауаттылық мәселелері жөнінде кездесулер өткізіліп, ауыл тұрығндарының өтініш-тілектері назардан тыс қалған жоқ.

"Зайырлылық және дінтану негіздері" мұғалімдеріне діни саладағы өзекті тақырыптарда семинар ұйымдастырылып, мағлұматтар берілді.

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің имамдары тарапынан Байзақ аудандық мешіттердің қаржылай кіріс-шығыстарына мониторинг жасалып, бірқатар проблемалық мәселелер анықталып, оның шешу жолдары қаралу үстінде.

Меркі ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында "Құқық қорғау саласы" тобы шалғай ауылдарда құқықтық кеңестер көрсете отырып, қоғамдық қабылдау, құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған рейдтік шараларды өткізді.

Топтың басында жүрген облыстық Полиция департаменті қызметкерлері Қорғаныс істері жөніндегі облыстық депаратментімен аудандағы әскери қызметке қабылданушылармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өңілдері ауыл тұрғындары арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, жан-жақты кеңес беруде.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети