Жәмішев Қазақстан Даму Банкі ұжымына таныстырылды

09 Тамыз 2014, 14:43
0
Жәмішев Қазақстан Даму Банкі ұжымына таныстырылды - Болат Жәмішев. ©Марат Әбілов
Болат Жәмішев. ©Марат Әбілов

Бұрынғы Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев "Қазақстан Даму Банкі" ұжымына басшы ретінде таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бәйтерек" холдингінің сайтына сілтеме жасап. 

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев "Қазақстан Даму Банкі" АҚ ұжымын жаңа басшы – бұған дейін Қазақстан Республикасының өңірлік даму министрі болып келген Болат Жәмішовпен таныстырды", - делінген хабарламада.

Болат Жәмішовтің кандидатурасы Қазақстан Даму Банкінің директорлар Кеңесі отырысында мақұлданды.

Еске сала кетейік, "ҚДБ" басшысы болуды Жәмішевке Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің 6 тамыз күні өткен кеңейтілген отырысында ұсынған еді. Сол күні Елбасы Үкіметтің қайта құрылғанын мәлімдеген болатын. 

Болат Жәмішев ҚР Өңірлік даму министрі қызметіне 2013 жылдың 3 қарашасында тағайындалды. Оған дейін ол алты жыл бойы Қаржы министрі қызметін атқарды. Жәмішев әр жылдары Ұлттық банкте жұмыс істеді, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігінің төрағасы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, ҚР Қаржы вице-министрі, ҚР Ішкі істер вице-министрі, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау агенттігінің төрағасы, Еуразия Даму Банкі Басқарма төрағасының орынбасары болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай