19 маусым 2019 08:37

Жаңа әкім Нұр-Сұлтанда құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook/altay.kulginov.3 © facebook/altay.kulginov.3

18 маусымда Нұр-Сұлтанның жаңа әкімі Алтай Көлгінов қаланы кезекті аралау кезінде құрылысы ұзаққа созылған проблемалы тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездесті. Бұл туралы қала басшысы Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.


18 маусымда Нұр-Сұлтанның жаңа әкімі Алтай Көлгінов қаланы кезекті аралау кезінде құрылысы ұзаққа созылған проблемалы тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездесті. Бұл туралы қала басшысы Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

"168 адам қаражатын салған "Гарант" көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылыс басына бардым. Үйді салуды "Азбука жилья" 2011 жылы бастаған. Қазір мемлекеттік қолдаудың арқасында бұл объектінің құрылысы жалғасын тауып, 2020 жылдың сәуір айында тапсырылу көзделіп отыр.

"Шұбар" тұрғын алабындағы "Комфорт de Luxe" ТК үлескерлерімен де сөйлестім. Мұнда 227 адам 2012 жылдан бері баспаналарын күтіп жүр екен. Бұл объектіні осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.
Қалада үлескерлердің қаржысы салынған құрылысы аяқталмаған 51 проблемалы объект қалды. Олардың құрылысы бюджет есебінен (қайтарымды қаражат) аяқталады", - деп жазған әкім. 

Сонымен қатар, Алтай Көлгінов әр апта сайын бір-екі проблемалы көппәтерлі тұрғын үйді аралап тұратынын айтты. 

"Жоспарлы кесте түзілді. Құрылыстың аяқталу процесін және созылып кеткен үлескерлер мәселесінің түбегейлі шешімін табуды бақылауда ұстаймын", - дейді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети