1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Жаңа Әкімшілік кодекс: Қазақстанның сот жүйесінде не өзгерді? 18 қыркүйек 2021, 12:54

Қазақстандықтарға мемлекеттік орган болсын, жеке ұйым болсын, заңды тұлғаның кінәсін дәлелдеу жеңілдей түсті. Жаңа мамандандырылған ауданаралық
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстандықтарға мемлекеттік орган болсын, жеке ұйым болсын, заңды тұлғаның кінәсін дәлелдеу жеңілдей түсті. Жаңа мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар қалай жұмыс істейтіні Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде екі бөліктен: Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізуден тұратын Қазақстанның жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізілді.

Кодекстің негізгі міндеті - азаматтардың құқығы мен бостандығын әкімшілік органдардың заңсыз әрекетінен қорғау, онда бір жағынан жеке немесе заңды тұлға, екінші жағынан әкімшілік орган немесе лауазымды тұлға әрекет етеді.

Қазақстан өңірлерінде Мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану жөніндегі істерді қарайтын жаңа мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар құрылды.

"Қазіргі уақытты ескере отырып, Қазақстан азаматтарының әрқайсы күн сайын мемлекеттік органдар не билік өкілеттіктері берілген өзге де органдармен жария-құқықтық қатынастарға түседі. Әкімшілік органдардың билік өкілеттіктерін іске асыруына байланысты барлық дауды мамандандырылған әкімшілік соттар 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қарайды.

Жария билік органдарының әрекетіне не әрекетсіздігіне келіспейтін барлық адам өз құқығын қорғау үшін жаңа әкімшілік соттарға жүгінуге құқылы", - деді Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Жанар Дүйсенова.

Соттың белсенді ролінің жаңа қағидасы

Соттар мүлдем жаңа қағидаттар бойынша әрекет етеді. Жанар Дүйсенованың айтуынша, басты жаңалықтардың бірі - соттың белсенді ролі қағидатын бекіту. Судьяға істі қарау кезінде белсенді болуға мүмкіндік беріледі. Егер ұсынылған дәлелдемелер жеткіліксіз болса, сот өз бастамасы бойынша қосымша дәлелдемелер жинауға құқылы.

Судья Жанар Дүйсенованың айтуынша, егер талап қоюшы заңдық сауатсыздығына байланысты талаптарды дұрыс тұжырымдамаса немесе талап арыз берсе немесе дұрыс емес жауапкерге жүгінсе, сот оған түсіндіріп, өз құқығын қорғау үшін әкімшілік талапты қалай беру керек екені туралы кеңес беруге міндетті. Ол мұндай қағидат азаматтарды құқықтық күштерде жария билік органдарымен теңестіретінін айтты.

Татуластыру рәсімдері

Әкімшілік процесте енді жария-құқықтық дау бойынша татуластыру рәсімдері көзделген.

"Яғни, сотта мемлекеттік орган дауды келісім жасасу арқылы аяқтай алады. Барлық жағдайда татуласу мүмкін емес, өйткені әкімшілік органның өкілеттіктері заңмен шектелуі мүмкін. Келісімді сот бекітеді, ол мәжбүрлеп орындатуға жіберілуі мүмкін", - деп толықтырды Жанар Дүйсенова.

Соттар жаңа кодекспен қалай жұмыс істейді?

Кейінгі екі айда мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа 700-ден аса талап арыз келіп түсті. Оның ішінде 40-қа жуық медиативтік келісімді сот бекітті, бұл даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік берді.

Жанар Дүйсенованың айтуынша, әзірге әкімшілік органдармен татуласу тәжірибесі құқық қорғаушылар мен сот талқылауларына қатысушылар үшін бірегей және жаңалық болып көрінеді, бірақ уақыт өте келе бұл күнделікті практикаға айналуы тиіс.

"Жаңа сотта татуластыру рәсімдерін белсенді жүзеге асыру қоғамдағы жанжалды азайтуға, мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттыруға, дауды тез шешуге және азаматтардың мүддесін қорғауға мүмкіндік береді. Жаңа кодекс Қазақстанда тиімді және, ең бастысы, азаматтарға бағдарланған әкімшілік Әділет қалыптастыруға, жария билік органдарының азаматтармен жұмысының оң тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деп түйіндеді судья Жанар Дүйсенова.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енгені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram