17 маусым 2019 14:15

Жаңа министрлікке Мағзұм Мырзағалиевтің кандидатурасы мақұлданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© eenergy.media © eenergy.media

Мәжіліс экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің кандидатурасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі палата баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Мәжіліс экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің кандидатурасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі палата баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экология және табиғатты пайдалану комитетінің отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындау үшін Мағзұм Мырзағалиевтің кандидатурасы мақұлданды. 

Қазақстан премьер-министрінің тапсырмасы бойынша кандидатураны премьер-министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.

Мәжіліс комитетінің мүшелері кандидатқа бірқатар сұрақтар қойды.

Талқылаудан кейін қорытынды қабылданды, онда "премьер-министр ұсынған Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевтің кандидатурасын комитет экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау үшін ұсыну мүмкін деп санайды" делінген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети