08 маусым 2022 14:23

Жаңа облыстардағы мәслихат хатшылары сайланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуаныш Сүлейменов, Бауыржан Шыңғысов. Фотоколлаж Tengrinews.kz Қуаныш Сүлейменов, Бауыржан Шыңғысов. Фотоколлаж Tengrinews.kz

Абай және Ұлытау облыстарында мәслихат хатшылары сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Абай және Ұлытау облыстарында мәслихат хатшылары сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

8 маусымда Президенттің үш облысты құру туралы Жарлығы заңды күшіне енді. Бүгін жаңа екі облыста мәслихат отырысы өтті.

Жезқазғанда Ұлытау облыстық мәслихатының бірінші сессиясында мәслихат хатшысы болып 58 жастағы Бауыржан Шыңғысов сайланды. Шыңғысов әр жылдары жүйе құраушы кәсіпорындарда және мемлекеттік қызметте әртүрлі лауазымдарды атқарды. 2016 жылы VI шақырылымның депутаты, ал 2021 жылы VII шақырылымның Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Әлеуметтік-мәдени даму және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болды.

Сондай-ақ, Семейде жетінші шақырылымдағы Абай облыстық мәслихатының бірінші сессиясы өтті. Мәслихат хатшысы болып Қуаныш Сүлейменов сайланды.

Қуаныш Сүлейменов 49 жаста, Семей облысының тумасы. Көп жылдар бойы білім беру жүйесінде жұмыс істеді. Облыстық мәслихаттың хатшысы болып сайланғанға дейін "Шалабай" ЖШС-ның бас директоры болды.

Айта кетейік, Жетісу облыстық мәслихатының бірінші сессиясының отырысы да бүгін болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети