04 тамыз 2022 09:52

Жаңа облыстардағы Сенат депутаттарын сайлау: үміткерлер туралы не белгілі?

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссия мүшелері Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Парламент Сенаты депутаттығына үміткерлер туралы айтты. Сайлау 24 тамызға белгіленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Орталық сайлау комиссия мүшелері Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Парламент Сенаты депутаттығына үміткерлер туралы айтты. Сайлау 24 тамызға белгіленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлығы 6 мандатқа үш өңірден 33 кандидат ұсынылды. Жетісу облысында 2 кандидатты облыстың Алакөл және Кербұлақ аудандық мәслихаттары ұсынды, қалғаны - өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Жетісу облысында бір кандидат және Абай облысында бір кандидат тіркелгенге дейін өз өтініші бойынша үміткерлігін алып тастады.

Қызмет салалары бойынша:

  • 10-ы коммерциялық құрылымдар қызметкерілері;
  • 12-і әкімдер мен мәслихаттар аппараттары қызметкерілері;
  • 8-і мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар қызметкерлері;
  • 1-і саяси партия мен ҮЕҰ-да қызмет етеді.

Кандидаттардың 24-і Amanat партиясының мүшесі; 1-і "Ақ Жол" ҚДП мүшесі; 2-і партиясыз; 4-і партияға қатыстылығын көрсетпеген.

Гендерлік құрамы бойынша: 10 әйел және 21 ер адам.

Ұсынылған 31 кандидаттың: 10-ы тіркеуге қажет барлық құжатты тапсырмағаны; 3-і өздерін қолдауға қажет қол санын ұсынбағаны анықталды.

2022 жылғы 3 тамыз бойынша барлығы 18 кандидат тіркелген (әр облыстан 6 адамнан).

Қызмет салалары бойынша:

  • 11-і әкімдер мен мәслихаттар аппараттары қызметкерлері;
  • 4-і коммерциялық құрылымдар қызметкерлері;
  • 3-і мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар қызметкерлері.

Кандидаттардың 14-і Amanat партиясының мүшелері; 4-і партияға қатыстылығын көрсетпеген.

Гендерлік құрамы бойынша: 5 әйел және 13 ер адам.

Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу 3 тамызда сағат 18.00-де аяқталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети