18 желтоқсан 2014 12:53

Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатыса алатындар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Қаржы министрі жалға берілетін үйлердің қалай үлестірілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Бақыт Сұлтанов Астанада Президенттің осы жылдың 11 қарашасындағы халыққа арнаған Жолдауын түсіндіру кезінде айтты. 


Қазақстанның Қаржы министрі жалға берілетін үйлердің қалай үлестірілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Бақыт Сұлтанов Астанада Президенттің осы жылдың 11 қарашасындағы халыққа арнаған Жолдауын түсіндіру кезінде айтты. 

"Тұрғын үйдің берілу тәртібіне келсек, ол "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" Ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы мен жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады. Тұрғын үйлердің 30 пайызы мына топтардың арасында үлестіріледі: мемлекеттік қызметкерлер, бюджет қаржыландыратын ұйымдар, әскерилер, ғарышкер болуға үміткерлер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, мемлекеттік сайлау қызметіндегі азаматтар, оралмандар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек баласы бар отбасылар, жетімдер мен асыраушысыз қалған балалар", - деді Бақыт Сұлтанов.

Баспананың 20 пайызы барлық категориядағы адамдарға үлестіріледі, мұның ішінде басымдық мына категорияларға беріледі: білім, ғылым, медицина, журналистика салаларындағы мемлекеттік заң органдары мен мемлекеттік емес ұйымдардың, мәдениет және өнер салаларындағы қоғамдық бірлестіктердің жұмысшылары.

Қалған 50 пайыз үйленгеніне екі жылдан асқан, екеуінің де жасы 29 жасқа жетпеген (бағдарлама бойынша өтініш берілген уақытта) жас отбасыларға беріледі. Баспана алушылардың қатарында толық емес отбасылар да бар: баланы отбасыда 29 жасқа жетпеген бір адам асырайтын жағдайда, мұның ішіне ажырасқандар мен жесір қалғандар да кіреді.

"Бағдарламаның маңызды жаңалығы - жұмыс берушілерге тұрғын үйді қатар қаржыландыруға қатысуға және өз жұмысшылары арасында жұмысшыларға баспана үйлестіріп беруге тұңғыш рет мүмкіндік алады. Бұл білікті мамандардың кетуін азайтады", - деді қаржы министрі. 

Оның айтуынша, 2020 жылға дейін республикада 1,4 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй тұрғызылады, оның ішінде жалға берілетін баспананың 60 пайызы Астанада, Алматыда, Шымкентте және Ақтөбеде соғылады. 40 пайызы өзге облыс орталықтарында, моноқалаларда және ауылдарда салынады. Астана мен Алматыда жалға беріліп, кейін сатып алуға құқық беретін екі бөлмелі үйдің ай сайынғы төлемі 56 мың теңгеден аспайды. Ал сатып алу құқығы жоқ үйлердің ай сайынғы төлемі - 28 мың теңгеден аспайды. Өзге өңірлерде сатып алу құқығымен жалға берілетін үйлердің ай сайынғы төлемі 47 мың теңгеге жетпейді, сәйкесінге сатып алу құқығы жоқ үйлер үшін 23 мың теңгеден жоғары болмайды.

"Астанада көлемі 97 746 метр болатын тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Тағы да 105 мың шаршы метр салуға әлеует бар. Бүгінде көлемі 445 мың шаршы метр болатын үйді немесе 7,5 мың пәтерді сатып алуға ұсыныс білдірген үй салушылардың саны сегізге жетті", - деді қаржы министрі.

Халық арасында баспана үйлестіру бойынша "Сатып алынбайтын жал" механизміне ұқсас амал арқылы жүзеге асырылады. Сатып алуға құқық берілмейтін тұрғын үйлер 10 жылға, әр 5 жыл сайын жалға төленетін соманы қайта қарастыру мүмкіндігімен берілетін болады. Тұрғын үйді еш делдалсыз, тікелей, алдын ала төлемсіз және төмен пайызбен берілетін кредит арқылы алуға болады.

Тұрғын үй бағдарламасына мемлекет 2020 жылға дейін Ұлттық қордан 180 миллиард теңге бөледі. Сонымен қатар, жеке инвесторлардың қаржысы үй салуға пайдаланылады. ҚР Қаржы министрлігінің есебі бойынша, бұл бағытта 2020 жылға дейін жалпы 250 миллиард теңге жұмсалып, 29 мың пәтер беріледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети