Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Жаңа зауыт қымыздан ғарышкерлерге арналған тағам өндірмек

29 Тамыз 2014, 14:25
0

Қазақстанда жаңа зауыт саумалдан ғарышкерлерге арналған тағам өндіретін болады. Бұл туралы Тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов Tengrinews.kz тілшісіне берген жеке сұхбатында айтты. 

Ешқандай өңдеуді қажет етпейтін, C дәруменіне бай бие сүтін Шарманов құдіретті сусын деп атайды. "Бие сүтінің негізінде түрлі өнім шығаруға болады. Біз одан ғарышкерлерге арналған тағам, жасанды ана сүтін және басқа да өнімдерді әзірлеуді қолға алып отырмыз. Зауыт сала бастадық. Онда мал сауудың неміс технологиясы болады. Бұл іске 45 мың шаршы метр жер алдық. Биыл 300 бас жылқы сатып аламыз", - дейді Шарманов.

Зауыт Ақмола облысында - Астана мен Қарағандының арасында болады. Кәсіпорын ғарышкерлерге арналған тағамнан бөлек, гастритті, ішек-қарын жолын, туберкулезді, жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған тағамдарды да өндірмек. "Биыл күзде зауытты пайдалануға бергелі отырмыз. Келешекте жылқы басы 500-ге дейін көбейтіледі, кейін 2000 басқа дейін көбейеді. Өз өнімімізді біз экспортқа шығаратын боламыз. Бұл біздің ұлттық брендімізге айналады. Бие сүті негізінде жасалатын өнімдер EXPO-2017-де өзінің лайықты орнын алмақ", - дейді ол.

Тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановтың сұхбатын мына жерден толық оқи аласыздар. Еске салайық, қымыздан ғарышкерлерге арналған тағам жасау құрғақ қымызды Германия мен Францияға экспорттау жөніндегі жобаның басты мақсаты болатын. Бие сүтіне Біріккен Араб Әмірліктері, Корея мен Қытай да қызығушылық танытып отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай