1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Жанар Хамитованың өліміне қатысты тергеу тоқтатылды - полиция

Жанар Хамитова. © instagram.com/zhanar_khamitovaa_official Жанар Хамитова. © instagram.com/zhanar_khamitovaa_official

Әнші Жанар Хамитованың өліміне қатысты тергеу тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қылмыстық іс ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы негізінде іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтады", - делінген полиция хабарламасында. 

Айта кетейік, тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша жүргізілді. 

Еске салайық, Жанар Хамитованың қайтыс болғаны туралы хабарды оның әріптесі Әбубәкір Ужазов жариялаған еді. Әншінің таныстары оны 19 қыркүйекте Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында әке-шешесінің үйінде таңғы уақытта қайтыс болған. Соған дейін Жанар Хамитова телебағдарламалардың бірінде депрессияда жүргенін және сахнаға шығуға қорқатынын айтқан еді.