Синоптиктер 21 сәуірде елдің бүкіл аумағында ауа райы құбылмалы болады деп болжайды. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 19-21 градус жылы.
Алматы - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 21-23 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - күндіз аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, кей уақытта екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3 аяз - 2 жылы, күндіз 11-16 градус жылы.
Шымкент - күн бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 26-28 градус жылы.
Ақмола облысы - күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-8, күндіз 18-23 градус жылы. Көкшетау - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 19-21 градус жылы.
Алматы облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 3 аяз - 2 жылы, күндіз 21-26, облыстың таулы аудандарында 11-16 градус жылы. Қонаев - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, кей уақытта екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 22-24 градус жылы.
Жетісу облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың орталығында, таулы аудандарында 0-5 градус жылы, күндіз 20-25, облыстың таулы аудандарында 17 градус жылы. Талдықорған - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 23-25 градус жылы.
Түркістан облысы - облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл тұрады. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15, солтүстікте, таулы аудандарда 7, күндіз 25-30, солтүстікте, таулы аудандарда 20 градус жылы. Түркістан - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8, күндіз 11-16 градус жылы. Орал - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 11-13 градус жылы.
Атырау облысы - жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың батысында 2, күндіз 14-19 градус жылы. Атырау - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік-батыстан секундына 6-11 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 градус жылы.
Маңғыстау облысы - түнде облыстың батысында аздаған жаңбыр, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші 9-14, түнде облыстың солтүстік-шығысында секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, күндіз 12-17, облыстың солтүстік-шығысында 20 градус жылы. Ақтау - көшпелі бұлтты, түнде аздаған жаңбыр, күндіз кей уақыттарда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 13-15 градус жылы.
Ақтөбе облысы - облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, батысқа ауысады, күші 7-12, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде 24, облыстың солтүстік-батысында 12 градус жылы. Ақтөбе - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, батысқа ауысады, күші 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 16-18 градус жылы.
Қостанай облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, күндіз күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 градус жылы. Қостанай - бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, күндіз күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 18-20 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың оңтүстік-батысында 10, күндіз 17-22 градус жылы. Петропавл - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 19-21 градус жылы.
Павлодар облысы - жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 4-9, облыстың шығысында 2, күндіз 21-26 градус жылы. Павлодар - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 23-25 градус жылы.
Қарағанды облысы - жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, күші секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 жылы, облыстың шығысында 0 градус, күндіз 16-21 жылы. Қарағанды - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, күші түнде 2-7, күндіз 6-11 метр секундына. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 18-20 градус жылы.
Ұлытау облысы - таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында аздаған жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, күші секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, облыстың шығысында 3, күндіз 20-25, облыстың солтүстігінде 17 градус жылы. Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, күші секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 20-22 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 4 градус суықтан 1 градус жылыға дейін, облыстың батысында, оңтүстігінде 5 жылы, күндіз 15-20, облыстың шығысында 10 градус жылы. Өскемен - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус суық, күндіз 18-20 градус жылы.
Абай облысы - жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус суықтан 2 градус жылыға дейін, облыстың оңтүстігінде 5 жылы, күндіз 18-23, облыстың батысында 15 градус жылы. Семей - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен түнде 1-6, күндіз 4-9 метр секундына. Ауа температурасы түнде 0-2 градус суық, күндіз 20-22 градус жылы.
Қызылорда облысы - түнде облыстың солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 25-30 градус жылы. Қызылорда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 27-29 градус жылы.
Жамбыл облысы - таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, облыстың таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, облыстың таулы аудандарында 4, күндіз 23-28, облыстың таулы аудандарында 19 градус жылы. Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14, таңертең және күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 24-26 градус жылы.