07 қазан 2016 16:29

Жансейіт Түймебаев ОҚО әкімі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жансейіт Түймебаев Жансейіт Түймебаев

Жансейіт Түймебаев ОҚО әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 


Жансейіт Түймебаев ОҚО әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 

"Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылсын", - делінген Ақорданың сайтында жарияланған Жарлықта. 

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысы активіне өңірдің жаңа басшысын таныстырды. Шымкентте облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Б. Сағынтаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың облыс әкімі қызметіне Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаевтың кандидатурасын ұсыну туралы хатын оқып берді.

Мәслихат депутаттары аталған кандидатураны бірауыздан қолдады. Облыс активінің алдында сөйлеген сөзінде Б.Сағынтаев бұрынғы әкім Б.Атамқұловқа атқарған қызметі үшін алғысын айтты.

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы дүниеге келді, филология ғылымының кандидаты, профессор. Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген. 1980-1993 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулы, 1999-2004 жылдары - ҚР Президенті протоколының бастығы, 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті протоколының бастығы - Қазақстан Респубилкасы Президентінің кеңесшісі. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Қазіргі қызметінде 2007 жылдан бастап істейді. "Қазақ тілінің тарихи грамматикасы", "Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы", "Қазақ тілі", "Қазақ тілі: Грамматикалық анықтамалық", т.б. кітаптардың авторы. "Құрмет" орденімен, медальдармен марапатталған.

Осыған дейін ОҚО әкімі қызметінде Бейбіт Атамқұлов болған еді. Ол ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети