i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында психолог Александр Колмановский дағдарыс жағдайында қарым-қатынастағы және балалар арасындағы жанжал мәселесі туралы айтты. Сондай-ақ ол батырлық және нәзіктіктің айырмашылығы туралы сөз қозғады. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында психолог Александр Колмановский дағдарыс жағдайында қарым-қатынастағы және балалар арасындағы жанжал мәселесі туралы айтты. Сондай-ақ ол батырлық және нәзіктіктің айырмашылығы туралы сөз қозғады. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Тікелей эфирлер аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі, сағат 20.00-де Instagram желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан тамашалай аласыздар. Артынша сағат 20:30-да Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан көре аласыз.
"Біздегі психиканың екі қабаты бар, бұл метафора емес, ол ұлпа деңгейінде. Жануар психикасы бар, жоғары психика бар. Сондықтан денсаулығыңды нығайту, стреске бейім болу, психиканы жөндеу - қарым-қатынасты реттеу деген сөз", - дейді психолог.
Психологтан кеңес алу үшін ажырасқан кезде немесе кейін көбіне әйелдер жүгінеді. Алайда бұл әйелдерде проблема көп деген сөз емес.
Колмановский ажырасудың көп болуы қарым-қатынастың сапасына байланысты емес.
"Мыңдаған жыл бұрын кімнің көңіл-күйі қандай екені маңызды болмаған. Бірге болу керек, себебі басқаша өмір сүру мүмкін болмады. Әсіресе он мың жыл бұрын. Ал қазір жағдай басқаша, кім кімді түсінгені, кім кімнің көңіліне тигені маңыздырақ", - дейді Александр Колмановский.
Сонымен қатар, психолог ер адамның әке болуға дайындығы оның жауапкершілігіне байланысты екенін айтады.
"Ер адамның әке болуға дайындығы оның жауапкершілігіне байланысты. Жауапкершілікті мойнына ала білу мүмкіндігі және күшінің барына байланысты. Әдетте жауапкершілік бірінші баланың дүниеге келуінде пайда болуы сирек кездеседі", - дейді сарапшы.
Сарапшы бір отбасындағы балалар арасындағы жанжал ата-ананың арасындағы қарбаластықтың жалғасы екенін айтады. Бұған шамадан тыс кішіпейілдік себеп болуы мүмкін. Одан бөлек, жанжалдың тууына әр балаға әртүрлі қарау себеп болуы мүмкін.
"Көбіне үйдің кішісі үлкеніне оның назарын аудару үшін тиісіп, одан басқа жол жоқ екеніне сенуге тырысады", - дейді маман.
Психологтың айтуынша, балалармен қарым-қатынас бірдей деңгейде орнауы керек. Сондықтан адекват баланы етіп тәрбиелеу үшін екі құрал - көмек пен араласу маңызды.
"Соңғы ретте балаларға: "Білесің бе, көмектесу керек, бөлісу керек" деп түсіндіру керек. Бұл негізінен жұмыс істемейді. Ең алдымен балаларға біздің жеке тәжірибеміз, оларға қалай көмектесетініміз, қалай бір-бірімізге көмектесетініміз әсер етеді", - дейді Колмановский.
Сарапшының сөзінше, қарапайым және саналы ата-ананың айырмашылығы - қарапайымы баланың мінез-құлқына көбірек әсер етеді. Ал саналы болу деген баланың неліктен қандай да бір әрекет жасағанының себебін, неліктен өзін басқаша ұстағанын түсіну.
"Саналы ата-ана: "Маған тіл тигізбе. Маған дөрекі сөйлеме. Өзіңнен үлкен адаммен қалай сөйлесесің?" деп айтпайды. Ол "Кешір, мен сенің көңіліңе тидім бе? Сен маған айтып қой, мен аңдамай сөйлемейтін боламын" деп түсіндіреді", - дейді Колмановский.
Александр Колмановский ажырасқан әйел жаңа адамның пайда болатыны туралы мәселені қыз бала стресс жағдайдың құрбаны болмауы үшін қалай түсіндіру керек туралы айтып берді.
"Қыз балада стресс ана мен әкенің қарым-қатынасы нашар болған кезде пайда болады. Анасы оны сырттай айтпағанның өзінде әкесін іштей айыптағанда. Бірақ ешкімді алдай алмайсың ғой, бәрі отбасында сезіледі. Сол кезде қыз бала үшін отбасында жаңа ер адамның пайда болуы әкесін шеттетіп тастайды деген қорқыныш туып, қызғаныш пайда болады", - дейді психолог.
Сондай-ақ Александр Колмановскиий жоба серіктесі Altel ұялы байланыс операторының сұрақтарына жауап берді. Сарапшының айтуынша, баланы гаджеттерді қолдануға ерте жастан үйрету керек, алайда үнемі бақылап отыру қажет.
"Ол психологиялық тұрғыда зиян. Бала техникалық тұсын үйренеді. Адам виртуал өмірде ұзақ уақыт өткізген сайын ол шынайы өмірге бейімі нашар болады", - дейді Колмановский.
Тікелей эфирдің видеосын TengriTV-дің YouTube-арнасынан, Tengrinews.kz парақшасынан және "ВКонтакте" желісінен тамашалай аласыздар.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тамашалай алады.
Сондай-ақ подкастты SoundCloud, Яндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.
i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымында педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили әке мен баланың қарым-қатынасы, әйел адамға деген махаббат жайында әңгіме өрбітті. Шалва Амонашвилидің ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили "көктегі махаббат" жайлы айтты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!