14 қаңтар 2022 09:35

Жаслан Мәдиев цифрлық даму бірінші вице-министрі болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаслан Мәдиев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Жаслан Мәдиев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

  • Ж.Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған.
  • Еңбек жолын 2004 жылы "Альянс Банк" АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің халықаралық қаржы институттары жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.
  • 2007-2008 жылдары - "Қазына" тұрақты даму қоры» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері.
  • 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-да жұмыс істеді.
  • 2009-2010 жылдары - KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2010-2014 жылдары - "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарушы директоры-мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық банк құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.
  • 2017-2018 жылдары - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы» АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы, қаржы жөніндегі вице-президенті.
  • 2018 жылы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы» АҚ қаржы жөніндегі басқарма төрағасы болып тағайындалды.
  • 2019-2020 жылдары - Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.
  • 2020 жылы қазаннан бастап қазірге дейін Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети