Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 334.32
EUR / KZT - 392.29
CNY / KZT - 50.53
RUB / KZT - 5.63

Жастардың игілігі үшін жанданған жоба

18 Қараша, 19:02
0
© aikyn.kz
© aikyn.kz

Қазақстанда төрт миллионнан астам адамның жасы 14 пен 29 жас аралығын құрайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы жастарға еліміздің дамуы мен болашағы жолында зор сенім артады. Бүгінде жастардың игілігі мен алға жылжуы үшін Жастар ресурстық орталықтары зор қызмет атқаруда. Басты мақсат - қазақстандық жастарға мен жастар орталықтарына қолдау білдіріп, жастар арасында мониторинг мен сараптама жүргізу.

Жастар ресурстық орталықтары Қазақстанда 2015 жылы құрылды. Бүгінде елімізде дәл осындай 208 орталық ашылып, жұмыс аясы мен қызметі кеңейіп келеді. Жастарға мекен-жай бойынша жұмысқа орналасуға, өзге де қажеттіліктерін өтеу мақсатында айтулы жұмыстар атқаруда. Қазіргі таңда түрлі іске жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында республикамызда 567 үкіметтік емес жастар ұйымдары қызмет жасауда.

Жастар ресурстық орталықтарының негізгі бағыты - жастармен етене жұмыс жасау, сол арқылы жастарға бірлескен және жеке жұмыс үшін қол жетімді және ашық кеңістіктер қалыптастыру, білім, кәсіби дайындық, бос уақыт, спорт пен туризм саласы бойынша мақсаттарына жетуіне жол ашу. Екінші бағыт - жастарға психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету, үшіншісі - жастарға тұрғылықты жері бойынша бос уақытын мағыналы ұйымдастыруға жағдай жасау.

Қазақстандықтар - жасампаз және жас ұлт: республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты, болашақтың негізі бүгін қаланады - Н.Ә. Назарбаев

Жастар ресурстық орталықтары жастардың қоғамдағы маңызды мәселелері мен аса маңызды сұрақтарының оң шешімін табу үшін мемлекеттік мекемелер мен жастар ұйымдары арқылы ынталандыру мен үйлестіру жобалары негізінде жұмыс жасап келеді. Олардың нәтижелі жұмысы мекемеаралық ынтымақтастықты жақсартуға, ЖРО-ның жұмысына жаңа бағыт арқылы серпін беруге, білім беру ұйымдары мен кәсіпорындарда үкіметтік емес ұйымдарда жастардың белсенділігі мен жаңа тәсілдерді қолдануға бағытталған. Бұл тұста көп жұмысты жастар саясаты бойынша арнайы өкілетті орган - Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі атқарады.

Айта кету керек, Жастар ресурстық орталықтары жай ғана креативті ойлар мен жастар бастамаларының қоры ғана емес, қызықты және пайдалы жобаларды да жүзеге асырады. 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығының өзінде-ақ бұл орталыққа 44 мың адам өтініш берген. Бұл жастардың ресурстық орталыққа деген сенімдерінің бір көрінісі.
Жастар ресурстық орталықтарында ақыл-кеңес алып қана қоймай, олардың жұмысымен, жастарды қолдау мен олардың жобаларын жүзеге асыру жолындағы жетістіктерімен де таныса аласыз.

Бұл орталықтың тікелей қатысуы арқылы елімізде жастарды қолдау мақсатында "Жасыл ел", "Дипломмен ауылға", "Мәңгіл ел жастары - индустрияға", сондай-ақ "Жастар кадрлары" секілді мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Жастар ресурстық орталықтары жалпы жұмыспен қамту, кәсіптік бағдар беру, жастар арасында еріктілік пен кәсіпкерлікті жандандыру үшін де белсенді түрде жұмыс жасайды. ЖРО жастар ортасында туындайтын мәселелерді талқылау үшін және жастар саясаты саласындағы бастамаларды іске асыру жолында диалог алаңдарын да ұйымдастырады. Орталықтың тәжірибелі мамандары жастардың жобалары мен қызығушылықтарын, олардың өзін-өзі басқаруы мен ұйымдастыруын сан тұрғыдан саралап, ақыл-кеңестері арқылы қолдау білдіріп, жол сілтейтін болады.

Жастар ресурстық орталықтары жастардың қажеттіліктері мен маңызды мәселелері туралы ақпарат жинауға, сондай-ақ жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған ұсыныстар мен жобаларды әзірлеуге белсенді түрде қатысады. Әрине, ең бастысы бұл орталықтар жастардың бос уақытын текке өткізбеуге көңіл бөледі.

Бүгінде еліміз Жастар ресурстық орталықтары секілді мекемелер арқылы, жастарды қолдау, олардың тың жобаларын жүзеге асыру мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында айтулы жұмыстар атқаруда. Себебі, Тәуелсіз Қазақстанның болашағы - бүгінгі жастардың қолында.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай