“Жаяу серуендеу - стресс“: тротуардағы мопед жүргізушілеріне қайда шағымдануға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Жаяу серуендеу - стресс“: тротуардағы мопед жүргізушілеріне қайда шағымдануға болады? Фото © Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қолданыстағы тыйымға қарамастан, мопедтер мен электрлік велосипедтер тротуарларда әлі де жиі жүреді. Алматы тұрғындары әлеуметтік желілерде мұндай заңбұзушылықтарға шағымдануды тоқтатар емес. Шағын моторлы көлік жүргізушілері қандай ережелерді сақтауға міндетті, оларға қай жерде жүруге рұқсат етілген және құқықбұзушылық анықталған жағдайда қайда жүгіну керектігін назарларыңызға ұсынамыз, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қолданыстағы тыйымға қарамастан, мопедтер мен электрлік велосипедтер тротуарларда әлі де жиі жүреді. Алматы тұрғындары әлеуметтік желілерде мұндай заңбұзушылықтарға шағымдануды тоқтатар емес. Шағын моторлы көлік жүргізушілері қандай ережелерді сақтауға міндетті, оларға қай жерде жүруге рұқсат етілген және құқықбұзушылық анықталған жағдайда қайда жүгіну керектігін назарларыңызға ұсынамыз, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Заңбұзушылықтар тыйылмай тұр

Алматы тұрғындары әлеуметтік желілерде мопедтердің тротуармен жүретіні туралы жазбаларды әлі де жариялап жатыр.

"Егер мопед/скутер жүргізушісі арнайы бөлінген веложолмен емес, адамдар жүретін жаяу жүргіншілер тротуарымен жүрсе, бұл Қазақстанның жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) бұзу болып саналады. Әлде мен қателесіп тұрмын ба, ҚР ЖҚЕ өзгерді ме? Қазір жаяу серуендеудің өзі стресс болды. Біресе қағып кете жаздайды, біресе тиіп кетеді, біресе сөмкеңе ілініп кетеді. Бұл толыққанды көлік қой. Неге мопедтер көлік құралдарына арналған ережелерді сақтап, жолдың жүру бөлігімен жүрмейді?", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушысы.

Желінің өзге қолданушылары да пікірлерінде мұндай көлік жүргізушілері ЖҚЕ-ні елемей, жаяу жүргіншілерге қауіп төндіруді жалғастырып жатқанын атап өтті:

  • "Ең алдымен, бұл екі дөңгелекті көліктер жаяу жүргіншілер жолында зымырап жүріп, әйелдерді, балалар мен қарттарды қағып, жарақаттап жатады, бұл қаланың қарапайым тұрғындары үшін үлкен қауіп!"
  • "Көптеген мегаполисте баяғыда енгізілгендей, мотоцикл мінген полиция патрульдерін ұйымдастыратын уақыт баяғыда жетті".

Жаяу жүргіншілер қалай және қайда шағымдана алады?

Егер сіз заңбұзушылықтың куәсі болсаңыз, мүмкіндігінше оны фотоға немесе видеоға түсіріп алыңыз. Егер жазып алу мүмкін болмаса, көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін (бар болса), маркасы мен түсін, сондай-ақ оқиға орны мен уақытын есте сақтауға тырысыңыз.

Құқықбұзушылық туралы бірнеше тәсілмен хабарлауға болады:

  • 102 нөмірі арқылы. Оператор хабарламаны қабылдап, ақпаратты жақын маңдағы полиция жасағына береді.
  • "102" мобильді қосымшасы арқылы. Пайдаланушы өтініш жіберіп, фото немесе видео тіркей алады, оқиға орнын көрсетіп, мән-жайды сипаттай алады.

Скрин: Appstore

  • eGov Mobile-дағы "Заң және тәртіп" сервисі арқылы. Ол құқықбұзушылық туралы жедел хабарлауға, фото немесе видеоматериалдарды қоса беруге және ақпаратты тікелей полицияға жіберуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ сервис кейбір банктік қосымшаларда қолжетімді.

Неғұрлым көп ақпарат - фотосуреттер, видеожазбалар, орны, уақыты және көлік құралының мемлекеттік нөмірі ұсынылса, құқық бұзушының жеке басын жедел анықтау және оны жауапқа тарту ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.

Мопедтерді, мото және электрлік велосипедтерді пайдалану ережелері

Бұған дейін полиция мопедтерді, электрлік велосипедтерді және оған теңестірілген көліктерді пайдалану ережелерін түсіндірді. Негізгі тезистерді еске түсірейік.

Тротуармен жүруге тыйым салу

Тротуармен жүруге тыйым салу келесі көлік түрлеріне қатысты:

  • мопедтер;
  • мокиктер;
  • скутерлер;
  • мотовелосипедтер;
  • электрлік велосипедтер.

Полиция бұл талаптардың тек 50 км/сағ емес, 50 км/сағ жылдамдыққа дейін жете алатын барлық көліктерге қатысты екенін ерекше түсіндірді. Ереже қолданысына ең жоғары жылдамдығы 10, 20, 30, 40 және 50 км/сағ болатын көлік құралдары жатады.

ЖҚЕ-ге сәйкес, тротуарлармен тек қозғалтқышы жоқ велосипедтер ғана жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып жүре алады.

Қай жерде жүруге болады:

  • жүру бөлігінің оң жақ шетімен бір қатарда;
  • қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақпен.

Тіркеу

Егер көлік электрлік немесе бензинді қозғалтқышпен жабдықталған болса және 50 км/сағ жылдамдыққа дейін жете алса, оны үшін не қажет екенін айтқан болатын:

  • тіркеу,
  • мемлекеттік нөмір алу
  • техникалық паспорт алу қажет.

Тіркеуден арнайы ХҚКО-да келесі құжаттарды ұсыну арқылы өтуге болады:

  • жеке басты куәландыратын құжат (электрондық түрде де болады);
  • техникалық құжат немесе к/қ техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;
  • өтініш, тексеру актісі;
  • мемлекеттік баждарды төлеу.

Жүргізуші куәлігі

Келесі көліктерді басқару үшін А1 санатындағы жүргізуші куәлігі қажет:

  • мопедтер;
  • мотовелосипедтер;
  • электрлік велосипедтер
  • және мопедтерге теңестірілген басқа да көліктер.

Бұл ретте, егер жүргізушіде А немесе В санатындағы куәлік болса, А1 санатын қосымша алу талап етілмейді.

Еске сала кетейік, 1 шілдеден бастап Қазақстанда электрсамокаттарды пайдаланудың жаңа ережелері күшіне енеді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +29
Ақтау +33
Ақтөбе +27
Атырау +32
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +34
Қызылорда +29
П
Павлодар +29
Петропавл +29
С
Семей +34
Т
Талдықорған +31
Тараз +32
Түркістан +27
О
Орал +29
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер