13 шілде 2020 17:12

Желі қолданушылары Шымкенттегі дәрігерлер қатысқан акцияға наразы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Шымкентте коронавирустан қайтыс болғандарды аза тұтуға жолдың бойына шыққан дәрігерлердің видеосы тарады. Көптеген желі қолданушысы акция орынсыз  және бұл "қорлау" екенін жазған. Ұйымдастырушылар желі қолданушыларына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Шымкентте коронавирустан қайтыс болғандарды аза тұтуға жолдың бойына шыққан дәрігерлердің видеосы тарады. Көптеген желі қолданушысы акция орынсыз  және бұл "қорлау" екенін жазған. Ұйымдастырушылар желі қолданушыларына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Не әзіл мынау? Коронавирустан қаза тапқандарды еске алуға арналған шымкенттік флешмоб! Бүгін-ертең құрбандардың қара тізіміне енуі мүмкін адамдардан жиналған тірі қабырға! Дәрігерлерді қашан құрметтей бастайды?" - деп жазды Зәуре Мырзаходжаева.

Өзінің наразылығып білдіріп пікіп қалдырғандар да аз емес. 

"Бұлай қаз-қатар көшеге тізіп тұрғызып Алтын уақыттарын зая кетіргенше, ауруханада жатқан көмекке зәру жандарға қарасайшы...", - деп жазған Айко есімді қолданушы.

"Бұлар бұл жерде тұрғанда ауруларға кім қарап жатыр. Өлгендерге бір минут па, жарты минут па еске алудың не пайдасы бар. Оларға құран бағыштау керек", - дейді тағы бір Желі қолдушысы.

"Депутаттарды шығармады ма?", - дейді Гүлнар Өтешова. 

Кей Facebook қолданушысы бұл іс "дәрігерлерді қорлау" дейді, оларды дәрігерлер акцияға өз бетінше шықты ма, әлде мәжбүрлеген бе деген сұрақ мазалады.

Tengrinews.kz редакциясы акция ұйымдастырушысы, Республикалық "Ұлттық медицина" қоғамдық бірлестігінің президенті Айжан Садықоваға сұрақ қойды. Оның айтуынша, бұл акция ерікті түрде өткен және дәрігерлер өз әріптестерін еске алу үшін көшеге шығуға шешім қабылдаған.

"Шенеуніктердің ешқайсы акцияны ұйымдастыруға қатысқан жоқ. Барлығы қайтыс болған дәрігерлерді еске алу үшін өз еркімен көшеге шықты. Жалпы, менің ойымша, бұл ұзақ уақыт бойы көрсетіліп келе жатқан батырлық үшін медицина қызметкерлеріне алғыс айту халықтың идеясы. Бесінші ай өтіп барады. Көбі отбасын, балаларын көрмей жүр. Жұмыста түнейді.

Сондықтан біз барлық дәрігерге бес минутқа, сағат 11.55-тен 12.00-ге дейін аурухана, ұйым кіреберінде, аурухана жанындағы іргелес аумақта немесе көлік трассасының алдында тұрып еске алуды ұсындық. Менің ойымша, халық негізінен медицина қызметкерлеріне ризашылықпен және түсіністікпен қарайды", - деді Айжан Садықова.

Оның айтуынша, адамдар тек Шымкенттегі акцияға наразылық білдірген. Басқа қалаларда бұл бастаманы қолдап, қабылдаған.

"Негатив әрдайым болады. Мұнда ешкім ешкімді мәжбүрлеген жоқ. Бұл пациенттер үшін өз өмірін қиған әріптестеріне алғыс білдіру үшін жасалған дәрігерлердің қалауы", - деп қорытындылады Айжан Садықова.

Еске салайық, 13 шілдеде қазақстандықтар коронавирус құрбандарын еске алды. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де Қазақстанда бір минут үнсіздік өтті. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети