29 шілде 2021 17:31

Желіде 5 мың теңгеге нысанды Ashyq-қа тіркеп беретіндердің жарнамасы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

WhatsApp желісінде Ashyq жүйесіне нысанды тіркеуге көмектесетіндердің жарнамасы тарап жатыр. "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының айтуынша, хабарлама таратушылар осылай ақша тапқысы келетін көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


WhatsApp желісінде Ashyq жүйесіне нысанды тіркеуге көмектесетіндердің жарнамасы тарап жатыр. "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының айтуынша, хабарлама таратушылар осылай ақша тапқысы келетін көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарнамада ұйымдар мен мекемелерді Ashyq жүйесіне тіркеу және арнайы QR-код алып беру қызметі ұсынылған. Қызмет құны 5 мың теңгеге бағаланған.

Хабарламаға қатысты Нұр-Сұлтан кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Қуанышбек Мұқаш пікір білдірді.

"Ия, біз WhatsApp-та тараған жарнаманы көрдік, осындай хабарландырулар Instagram желісінде де пайда болды. Осы хабарламаларды таратып жүрген нөмір иелеріне жеке өзім хабарласып, бұлай жарнама жіберу дұрыс емес екенін, адамдар дұрыс түсінбейтінін түсіндірдім.

Олар тек құжаттарды, өтінімдерді рәсімдеу үшін көмек көрсететінін айтты. Бұлар тек InfoKazakhstan.kz порталдарын қалай пайдалану керегін жақсы білетін адамдар. Олар ақша табуды ғана көздейді. Мен оларға хабарландыруды өзгертіп, тек көрсеткен қызметтері үшін ғана ақша алатынын жазуы керегін түсіндірдім. Ashyq-қа тіркелу және QR-кодты алу тегін. Олар біздің шағымдарымызды қабылдап, түзетуге уәде берді", - деді Қуанышбек Мұқаш.

Ол ұйымды Ashyq-қа тіркеу оңай екенін айтты. Басты шарт - кәсіпкердің электрон цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) болуы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети