21 мамыр 2024 | 14:50

Желіде әкім орынбасарының тұрғынмен жанжалдасқан видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігі халықпен кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігі халықпен кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Талғар ауданы әкімінің орынбасары Оразхан Қаспақбаевтың халықпен кездесуі түсірілген видео жарияланды. Шенеунік пен тұрғындар арасында кикілжің туып, арты жанжал болған. Кейін балағат сөз естіледі. Видео авторы әкімнің орынбасары балағат сөздер айтқанын алға тартады.

Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 16 мамырда әкім орынбасарың тұрғындармен кездесуі өткенін хабарлады. Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасары Қаспақбаев Оразхан Өмірханұлының балағат сөздер айтты деген мәлімдеме сенімді емес.

"Бұл хабарлама лауазымды қызметкердің беделіне нұқсан келтіру мақсатында таратылып жатыр. Ақпаратты растайтын деректер жоқ. Тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге шақырамыз", - деді әкімдіктегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети