30 желтоқсан 2020 18:29

Желіде Ақтау әуежайындағы "1000 теңгелік маска" талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Қазнет қолданушылары Ақтау әуежайындағы медициналық маскалардың бағасына наразы болды. Әуежайға келушілердің бірі маскалар салынған пакетті 1000 теңгеге сатып алғанын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазнет қолданушылары Ақтау әуежайындағы медициналық маскалардың бағасына наразы болды. Әуежайға келушілердің бірі маскалар салынған пакетті 1000 теңгеге сатып алғанын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан ер адам маска салынған пакет сатып алғанын көруге болады. Видео артындағы ер адам пакетте екі медициналық маска бар екенін айтады. Одан бөлек, пакетте басқа заттар да бар екенін көруге болады. Алайда видео авторы наразы болып әуежай ғимаратынан кетіп қалады. Бұл видео кейін Instagram желісіндегі көптеген танымал парақшада жарияланды. Қазнет қолданушылары маска қымбат болғанына нарызылығын білдірген. 

"Кеңес уақытында маскалармен алыпсатарлық жасағаны үшін ұзақ уақытқа қамалатын еді", - деп жазды @mila.zaikina.75 қолданушысы.

"Ақтау әуежайы, өздеріңді тақыр сияқты ұстамаңдар! Бір жыл бұрын біз бір шайды 500 теңгеге сатып алғанбыз! Ұят!. Енді маскаларға жетті, дүниеқоңыздар", - деді тағы бір қолданушы @sweet_november_12.

"Мұндай жерлерде маска тегін болуы керек. Сонда біздің мемлекет коронавирусқа қарсы қандай күрес үшін миллиардтаған қаржы бөліп жатыр?" - деп сұрайды @shayahmedovnail қолданушысы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_kz +21 | ??Kz (@kris_p_kz)

Белгілі болғандай, жоғарыда аталған бағаға жеке қорғаныс құралдары жиынтығы кіреді. Олардың ішінде: екі маска, санитайзер және қолғап. Маңғыстау облысы әкімдігінің қызметкерлері сауда нүктесінің иесімен сөйлескенін хабарлады.

"Кәсіпкермен түсіндірме әңгіме жүргізілді. Белгілі болғандай, онда гигиена жиынтығы ұсынылған: екі маска, санитайзер және қолғап. Бөлек маскалар 60 теңгеден сатылады", - деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Фото: lada.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети