15 қазан 2020 17:07

Желіде алаяқтар қазақстандықтарды танымал брендтердің атынан алдап жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Желіде KFC тамақтану желісі мен Magnum супермаркеттері желісінің жалған сайттары пайда болды. Алаяқтар пайдаланушыларға сауалнамадан өтіп, ақша алуды немесе тегін өнімдердің ұтысына қатысуды ұсынады. Бірақ компаниялардың өзі мұндай акцияларды ұйымдастырмаған, - деп хабарлайды Stopfake.kz.


Желіде KFC тамақтану желісі мен Magnum супермаркеттері желісінің жалған сайттары пайда болды. Алаяқтар пайдаланушыларға сауалнамадан өтіп, ақша алуды немесе тегін өнімдердің ұтысына қатысуды ұсынады. Бірақ компаниялардың өзі мұндай акцияларды ұйымдастырмаған, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Magnum Cash&Carry компаниясы жариялаған сауалнамадан өтуге арналған хабарламалар тарап кеткен. Сұрақтарға жауап бергені үшін қазақстандықтарға супермаркеттер желісінің кез келген өніміне 30 мың теңгеге дейін жеңілдік купоны берілетіні айтылады. 

Компания мұндай акция өткізіп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Хабарламаларда аноним түрде сауалнамадан өткендерге белгілі бір мөлшердегі сомаға купон берілетіні туралы айтылған. Бұл хабарламалар шындыққа жанаспайды және Magnum Cash&Carry ЖШС қызметіне ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлаймыз", - делінген компанияның Instagram-дағы ресми парақшасында.

Хакерлер таратқан тағы бір спамда KFC тамақтану желісінен тауықтың 3000 порциясының ұтысына қатысуды ұсынады.

Хабарландыруда көрсетілген сілтемеде вирус сайт ашылуы мүмкін. Бұл компания да ұтыс туралы ақпаратты растаған жоқ.

"Бұл хабарламаның бізге ешқандай қатысы жоқ. Оған мән бермеулеріңізді сұраймыз. Бұл - спам", - делінген KFC Kazakhstan-ның StopFake.kz тілшісінің жолдаған сауалына берген жауабында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети