10 қараша 2016 19:45

Желіде Мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкеріне пара беру әрекеті түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Екі жыл ішінде Мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкерлеріне 77 миллион теңгеден аса пара беру әрекеті болған. Бұл туралы ҚР ҚМ МКК ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлемдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Екі жыл ішінде Мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкерлеріне 77 миллион теңгеден аса пара беру әрекеті болған. Бұл туралы ҚР ҚМ МКК ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлемдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Пара алатын қызметкерлермен қатар, қылмыстық жауапкершілікке пара берушілер де тартылады. Біз енді қызметкерлерімізге пара бергісі келетіндерді ұстаймыз", - деп мәлімдеді Мұрат Жұманбай ведомствоның дәстүрлі брифингінде.

Оның айтуынша, МКК сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі құзырлы органдармен бірігіп, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне пара берудің 25 дерегінің жолын кескен. Бүгінде пара берушілердің жартысы сотталған. Оларға айыппұл төлетуден бас бостандығынан айыруға дейін жаза қолданылыпты.

Ресми өкіл ведомство қызметкерлеріне пара беру дерегінің жолын кесу сәті түсірілген видеоны жариялады. Бұл видеода азаматша Ж.Ташкенбаева өзін Қарағанды облысындағы "Юг-Спецстройпроект" ЖШС және Phaeton concept ЖШС фирмаларын қайта сату жөніндегі делдалмын деп таныстырып, салық төлемегені үшін қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін Экономикалық тергеулер қызметінің тергеушісіне пара бермекші болады. Осылайша, ол тергеушіге 27 мың АҚШ долларын беру сәтінде қолға түсті. Қазіргі уақытта Ташкенбаева 6 жылға бас бостандығынан айырылған және мүлкі тәркіленген.

"Осылайша салық төлеушілерге және сыртқыэкономикалық қызметпен айналысушыларға Мемлекеттік кіріс комитетінің пара берумен күресіп жатқанын және қандай да бір мәселені тек заң аясында шешетінін көрсетіп отырмыз", - деді Жұманбай. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети