09 шілде 2020 09:11

Желідегі видео. Қорғаныс министрлігі тікұшақпен у шашады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тұрар Қазанғапов© Фото Тұрар Қазанғапов©

Қорғаныс министрлігі әскери тікұшақтар елді мекен үстінен дезинфекциялық заттар шашып жүр деп айтылған бейнежазбаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қорғаныс министрлігі әскери тікұшақтар елді мекен үстінен дезинфекциялық заттар шашып жүр деп айтылған бейнежазбаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде елді мекендерге дезинфекция затын шашу үшін әскери тікұшақтардың қолданылғаны туралы ақпарат айтылған видео пайда болды. Қорғаныс министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды", - деді ведомствода.

Әскери авиация техникасы дезинфекциялау жұмыстарына қолданылмайтыны, тек орман мен дала өрттерін сөндіру іс-шараларына жұмылатыны айтылды. Мұндай жағдайларда арнайы су төгілетін құрылғылар қолданылады. Олар бір затты шашуға арналмаған, тек қоймалардан су жинап, оны төгуге қолданылады екен.

"Қазақстан Әскери-әуе күштері ұшу құрамының дайындық жоспарына сәйкес, оқу-жаттығуға арналған ұшулар 2020 жылдың 2 маусымына дейін өтті, оның ішінде орман және дала өрттерін сөндіру және ірі көлемдегі жүктерді сыртқы аспа арқылы тасымалдау сияқты жаттығулар болды", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети