Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия саяси қызметкерлер ісін қарайтын болады

30 Маусым 2014, 12:17
0
©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия саяси қызметкерлердің ісін қарайтын болады. Бұл туралы Ақордада өткен отырыста Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбеков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комиссия отырысы облыстар мен Астана және Алматы қаласы әкімдерінің интерактивті режимде қатысуымен тұңғыш рет кеңейтілген форматта өтті. Жақсыбековтің айтуынша, комиссия жұмыс істеудің жаңа форматына көшеді, еліміздегі жемқорлыққа қарсы жаңа жүйе жасалады.

"Орталық жергілікті органдар жетекшілерінің тәртіптік жауапкершілігін қарау жөніндегі механизмді жасау туралы. Қызметтік тексеріс жүргізудің негізі, шарттары мен тәртібі регламенттелетін норманың жоқтығынан комиссия жемқорлыққа қарсы заңнама мен қызмет этикасы нормаларын бұзуға жол берген саяси мемлекеттік қызметкерлерге қатысты істерді қараған емес. Қазір нормативті базаға осы жағдайды іске асыруға мүмкіндік беретін тиісті түзету енгізу жөнінде жұмыс жүріп жатыр", - деді Жақсыбеков.

Оның хабарлауынша, келешекте комиссия құрамына азаматтық қоғам мүшелері шақырылатын болады.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай