09 мамыр 2022 08:55

"Жеңімпаздар. Батырларға тағзым" - Ұлы Отан соғысы батырларын еске алуға, құрметтеуге арналған жоба

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 9 мамырда сағат 09.00-де Tengrinews.kz жаңалықтар порталында Ұлы Отан соғысының қазақстандық ардагерлерін еске алуға арналған "Жеңімпаздар. Батырларға тағзым" атты онлайн-акция басталады.


Бүгін, 9 мамырда сағат 09.00-де Tengrinews.kz жаңалықтар порталында Ұлы Отан соғысының қазақстандық ардагерлерін еске алуға арналған "Жеңімпаздар. Батырларға тағзым" атты онлайн-акция басталады.

Үш сағатқа созылатын акция "Жеңімпаздар" жобасы аясында оқырмандарымыз анкетасын жіберген батырлармен таныстырады. Жоба мен акция биыл Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өтеді.

Акцияны осы жерден көре аласыздар.

"Жеңімпаздар" - 2014 жылғы 9 мамырдан бастап Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері туралы 3,5 мыңнан аса оқиға жарияланған жоба. Қазақстан мен өзге елдердің оқырмандары жарты ғасырдан аса уақыт бұрын майданға аттанған аталары, әжелері, достары туралы ақпарат жібереді.

Қазақстандық ҰОС ардагерлер қоры Tengrinews.kz негізін қалаушы және Alash Media Group холдингінің басшысы Батыр Қазыбаевтың бастамасымен жүзеге асты.

"Жоба қазақстандық ардагерлер туралы тағы бір қорды қалыптастыру және оны аталарын еске алатын, құрметтейтін адамдардың көмегімен жүзеге асыру үшін дүниеге келді. Бұл жоба мұрағат болады деп үміттенбейміз. Бұл - Tengrinews және Tengrinews оқырмандарының күшімен жиналатын қарапайым картотека. Кез келген адам ата-бабалары, отбасындағы батырлар туралы ақпарат жариялай алады. Соғыспен байланысты әр отбасы ұмытылмауы керек. Ұлы Отан соғыспен байланысты естеліктерді сақтамасақ, қалпына келтірмесек, болашағымыздың бір бөлігін жоғалтамыз. Бұл - жобаның басты мақсаты", - деп атап өткен еді Батыр Қазыбаев.

Жоба оқырмандарды Қазақстанның белгісіз әрі танымал емес батырларымен таныстырады, ардагерлердің туыстарына соғыстан кейін байланысы жоғалған жақындарын табуға көмектеседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети