09 мамыр 2015 12:02

"Жеңімпаздар" жобасы ҰОС ардагерлерінің 600-ге жуық оқиғасын жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж © Tengrinews.kz Коллаж © Tengrinews.kz

"Жеңімпаздар" жобасы ҰОС ардагерлерінің 600-ге жуық оқиғасын жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Жеңімпаздар" жобасы ҰОС ардагерлерінің 600-ге жуық оқиғасын жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ардагерлер мен қаза болған қаһармандарға арналған жоба ашылған сәттен бастап портал сирек кездесетін суреттерімен бірге хаттар алып жатыр. Көпшілігі өз оқиғасымен бірге, өз әкелері мен аталарына арнаған өлеңдер жібереді. Өз хаттарында олар Жеңіс үшін және бейбіт өмір үшін қаһармандарға алғыс айтады. Оқиғаларды қабылдау осымен тоқтап қалмайды, оқиғаларды 9 мамырдан кейін де жібере беруге болады - олардың барлығы сайттағы "Жеңімпаздар" бөлімінде жарияланып отырады.

600 оқиғаның 570 анкетасы жарияланды. Tengrinews.kz қызметкерлері келіп түскен хаттарды реттеп, мәліметтер мен ақпараттарды растайды. Айта кетейік, ҰОС ардагерлерінің туыстары өзіндегі ақпаратты және мәліметті, өз аналары айтып берген естеліктерді аса қызығушылық танытып бөліседі, оқиғаның толық болып шығуы үшін бар мүмкіндігін аямайды.

Tengrinews.kz сайтының "Жеңімпаздар" жобасына ардагерлердің оқиғасын WhatsApp мессенджері арқылы немесе tengripobediteli@gmail.com электронды поштасына жіберуге болады. Редакцияға әдейі таңдалған +7 70 09 05 1945 номерін "АЛТЕЛ" ұялы байланыс операторы ұсынып отыр. Оқиғаны жіберу кезінде ардагердің толық мәліметі, аты-жөні, туған күні, жылы, әскерге шақырылған жері, шені, жасақ түрі, сонымен қатар бірнеше суреті қыстырылуы тиіс. Сонымен қатар, біз ардагерлердің видеоүндеуін жазып алдық. Бұл ардагерлердің ұрпақтарына айтқан өсиеті.

Айта кетейік, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына екі ардагер, өкінішке орай, жете алмады - Надежда Кашина мен Төлеби Ахметбеков. Олар 2015 жылы қайтыс болды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети